«ҚҰРАН СӨНБЕС НҰР, ЖАРЫҚ СӘУЛЕ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ

«ҚҰРАН СӨНБЕС НҰР, ЖАРЫҚ СӘУЛЕ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ

1200
1 мин
«ҚҰРАН СӨНБЕС НҰР, ЖАРЫҚ СӘУЛЕ»  АТТЫ РУХАНИ КЕШ

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен қалалық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Ақмешіт» мешіті, «Әбу Бәкір сыддық» мешітінің ұстаздары бірлесіп Құран нұрына бөленген шəкірттердің рухани мерекесін ұйымдастырды. Рухани кеште аталмыш мешіттердің 60 шəкіртіне діни сауат ашу курсында білім алып, тəжуид ілімін үйренгені үшін арнайы сертификат табыстау, тəж кигізу рəсімі жүргізілді.

Шараға өңірдің асыл ұстаздары, қасиетті білімді дəріптеуші имамдар жəне рухани ордалардың шəкірттері қатысты.

Кеш шымылдығын ұстаз Жадыра Жолдасқызы Құран оқумен ашып, кештің алғашқы сөзін облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы алды.

Ал әйел ұстаздар шəкірттеріне де тəж кигізіп, құрмет көрсетті. Павлодар облысы «Əйел-қыздар секторының» жетекшісі Ақерке Тұрғанбай рухани кештің берекесін арттырып, шәкірттеріне ғибратқа толы насихаттарымен бөлісті.

Келесі кезекте шәкірттер орындауында салауат айтылып, отаншылық, имандылық тақырыбында өлеңдер оқылып, қызықты викторина ойындары жалғасты. Естелік фотоға түсті.

0.jpg

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg

11.jpg

12.jpg

13.jpg

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс