ЖІГІТТІҢ ЖЕТІ АЙЫБЫ;
-Айбынын көктен құлатып, намысын жерге таптауы.
-Ананы сыбап, мынаны, боқтықпен сөзін саптауы.
-Қақтығысып қатынмен, ит-терісін басқа қаптауы.
-Шындықтың шырылын, өтірікпен өлшеп жапқаны.
-Жақсыны жат қып жанына, жамандық болса баққаны.
-Ұмытып берген уəдесін, сертінен тайып қашқаны.
-Дос пенен достың арасын сөз тасып, бұзып ашқаны.
ЖІГІТТІҢ ЖЕТІ АЙБЫНЫ;
-Намысын толқын тулатып, айдыны асып тасқаны.
-Елі мен тілін ұлықтап, ұлтының басын қосқаны.
-Сенімін жардың арқалап, үкілеп үміт таққаны.
-Ұлы мен қызын мəпелеп, отының шоғын жаққаны.
-Арамдық ада жанынан,адалдық болса тапқаны..
-Еліне қатер төнгенде, құрылар жауға қақпаны.
-Сертіне серік, сөзі өткір, қылыштай қиса шапқаны!
Ұлдан Қойшықызының парақшасынан