Бір күні жастық пен кәрілік жолығыпты.
Олар бұл кездесуді ұзақ күткен екен, мүмкін, кездейсоқ та емес шығар.
Жастық айтты:
— Сенің шашың аппақ, өзің әлсізсің. Ал мен – жаспын!
Кәрілік жымия қарап, жай ғана сөйледі:
— Асықпа, қызым, мақтануға. Жылдар тізбектеліп зулап өтеді,
Көз ілеспей қалады – жастық солайша артта қалады.
Жастық кекетіп жауап берді:
— Бірақ мен әдемімін! Көзімде нұр ойнайды, жанымда көктем.
Ал сен күз секілдісің – мұңды, жабырқау.
Күн еңкейген шақтағы солған жапырақтайсың.
Кәрілік оның көзіне жылы, бірақ байсалды қарап:
— Сыртқы сұлулық, жаным, мәңгі емес, – деді сабырмен. –
Нағыз көрік – жан мен жүректе.
Дене сұлулығы – өткінші, ол тек жанның қабы ғана.
Егер ішіңде реніш пен өкпе көп болса,
Жаның ауырады да, баяу сөне бастайды…
Сонда жастық қарқылдап күлді де айтты:
— Маған құштарлық, би кештері мен күйеуіммен бірге шопинг керек!
Міне, бақыт деген – осы! Естіп тұрсың ба, кәрі қарға?!
Кәрілік бұрылып, байыппен басын изеді:
— Мен саған қарсы айта алмаймын,
Өйткені менде – даналық бар.
Бірақ, қызым, сәл сабырлы, сәл ізетті болшы.
Жастық бәрібір кетеді,
Кәрілік – сені де күтеді…