ЖАНЫМЫЗДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН САНАМЫЗДЫҢ САБЫРЫН ЖОҒАЛТПАЙЫҚ...

ЖАНЫМЫЗДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН САНАМЫЗДЫҢ САБЫРЫН ЖОҒАЛТПАЙЫҚ...

533
2 мин
ЖАНЫМЫЗДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН САНАМЫЗДЫҢ САБЫРЫН ЖОҒАЛТПАЙЫҚ...

Алыс елдердің бірінде тұратын ғұлама данаға,жас жігіт келіп ақыл кеңес алмақшы болыпты.

—Оо Ғұлама ұстаз!

Менде, сіздей Ұлылардың қатарында болу үшін барымды салып жүрмін.

Мен күн санап ілім білімге сусындап, бойымды күнәлі істерден аулақ ұстап таза жүрем, жұрттан алғыс марапат есту үшін ылғи жақсы істеріммен көзге түсуге тырысам, қайырымдылықпен айналысам, сауап жинап жүрем, осының бәрі сіз сияқты ұлы адам болу үшін.

Айтыңызшы мен дұрыс жолдамын ба?"деген екен.

Аз кем ойланып барып,Ғұлама:

- Балам, сенің жолың дұрыс жол, осылай жүре берсең сен бақыт пен ақиқатқа жетерің анық әйтседе ұлы адамдардың да азын аулақ күнәләрі болар болмас білместігі, еркелігі мен тентектігі де болуы тиіс.

Сен "ұлылыққа" ұмтылам деп өзіңді ұмытасың. Өзің ойланшы, жұртқа ұнамды болу үшін өзіңді үнемі сахнада жүргендей сезіну азап емеспе?

Сен жұрт үшін емес, өзің үшін өмір сүріп көрмедіңбе?

Ең үлкен ұлылық өзіңмен өзің боп қалу ғой, яғни АДАМ боп қалу.

Атақ, мансап, жақсы киім, тәтті тамақ, үнемі жұртқа жақсы көріну, өзін жұрттан ақылды қылып көрсету жолында, адамдар кейде " Өзін" жоғалтып алып жатады.

Ондай адамдар өздерін ылғи "Иненің ұшында" жүргендей сезінеді ал ол жақсылыққа әкелмейді, жасы келгенде жүйкеге әсер береді.

Балам! Өзгелерге жақсы көрінем деп өзіңді жоғалтып алма, жаныңа тыныштық, санаңа сабыр бер, міне үлкен ұлылық, - деген екен.

Ия ағайындар, ылғи "жұрт не дейді" деген оймен жүретін және өмір сүретін өзіміздің Қазақ ағайындар сияқты.

Мынандай алмағайып заманда Өзімізді жоғалтып алмайықшы.

Жанымыздың тыныштығы мен Санамыздың сабырын жоғалтпайық...

М.Кенжебаев. Бейнеу.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс