Интернетті қарап отырсам, әңгіменің бәрі бір-бірін бомбалап жатқан екі ел арасындағы соғыс жайлы толып кетіпті. Біреулері: заман, мүлдем бұзылды десе, енді біреулері яхудилерге құдайдың қахары жауып жатыр деп мәз болуда. Иә, шынымен әлемде геосаяси жағдай ұшығып баражатқаны жүректі қынжылтады. Мәдениет пен демократия дейтін ұғымдар адамзат әлеміне үстемдік ете бастаған заманда мұндай озбырлықтар орын алуы жақсы тенденция емес. Алайда, бұл жамандықтарды заманға еншілеу қате, себебі, біліп-білмей ақиқатқа опасыздық жасағанмен пара-пар.
Ақиқаты мынау: Адамзатқа қарата жасалынған мұндай опасыздықтар бақыттың бұлағы болған өзара кеңесу мен демократияны қабылдамайтын диктаторлық жасырын “топтар” ға тиесілі. (Массон, коммунизм, анархизм, Сионизм т.с.с ).
Иә, халықтың арасында сол ұйыммен байланысы бар, өзі титтей де зиян шекпеуі үшін халықты мың ділдәдан айыруға дайын, жеке басының пайдасын халықтың қыруар зиян шегуінен табатын, ойы арам, пікірі қисық, жөнді шешім шығара алмайтын, өш алуға дайын және жеке басына қатысты ызы-кегін пида етпей тұрып, тәкаппарлана: халқым үшін жаным пида! Деп бай-балам салатын және мейірім, жарылқау, кешірім, халықтың тыныштығын бұзбау дегенді білмейтін, әркімнің намысына тиіп, оларды әрекетке келтіріп, ізінен ерітуге тырысатын, содан ләззат алатын жандардың жасаған тірлігі.
Ең жаманы, олардың еш бірі “Мен бұзамын!” демейді. Олар әрдайым адал, ақ ниетті түрде көрінеді! Немесе олар бұрысты дұрыс көретіндер. Иә, ешкім айраным ащы демейді ғой. Дегенмен сіздер тексеріп барып алыңыздар! Олай болса әр сөзді көңілге қондырып, қабылдай бермеңіздер!
Философия докторы Темур АМАНҚҰЛ