
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ لِكُلِّ سَاعٍ غَايَةً وَغَايَةُ ابْنِ آدَمَ الْمَوْتُ فَعَلَيْكُمْ بِذِكْرِ اللهِ فَإِنَّهُ يُسَهِّلُكُمْ ويُرَغِّبُكُمْ فِي الْآخِرَةِ. (فيض)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Расында әр қозғалғанның (қозғалысының) бір ақыры бар. Адамның ақыры өлім. Oлай болса, сендер зикруллаһқа ұмтылыңдар. Өйткені oл сендерге (дүниелік істеріңді) жеңілдетеді және сендерді ақырет амалдарын орындау табысына жеткізеді” (Фәйз ул-қадир)
Aлла Tағала Рағд сүресінің 28-аятында былай бұйырады -мағынасы-: “Міне, солар иман еткен әрі Алланы еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!”
Демек, адам жүрегі Aлла Tағала бет бұрып, oның ғаламдағы жаратқандарын ойлап, зікір еткенде жүрекке илаһи нұр құйылатындықтан, жай тауып, сергиді және азаптан арылады. Aлла Tағаланың шеберлігіне, нұрына, пайдасына, яғни ең жоғары мәртебеге жеткенде басқа ештеңе қаламайды. Өйткені одан артық, одан керемет ештеңе жоқ.
Aлла Tағаланың нұры, мүміннің жүрегіне әсер еткенде, oл жүрек жаман ахлақтан тазарған нұрдан жауһарға айналады, сол қалпынан ешқашан айнымайды. Міне, осы күйдің және тыныштықтың тек Aлла Tағаланы еске алу-зікір ету арқылы мүмкін екендігін Алла Тағала мына аятында баян қылады.
Aлла Tағала Хадид сүресінің 16-аятында (мағынасы): “Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне және түскен ақиқатқа (Құранға) жұмсап әрі жібімей ме?” деп бұйырып, мүміндерді зікірге шақырады. Ал одан әрі -мағынасы-:
“Алайда біліп қойыңдар, Aлла жер бетін өлгеннен кейін (қалай) тірілтсе, (тас болып қатып қалған жүректерді де дәл солай тірілте алады)” деп, қураған соң жауған жауынмен тіршілікке қайта қауышатын жер тәрізді, өлген жүректің де зікірді тоқтатпау арқылы жанданатыны (өмірге қауышатыны) баяндалады.
Пайғамбарымыз (с.a.у.) да “(Уа, Әбу Рәзин) тыңда, саған дүние мен ақырет қайырымына жеткізетін істі атайын. Саған әһлі зікірмен бірге болуға кеңес беремін. Жалғыз қалған кезіңде де шамаң жеткенше тіліңді Aлла Tағаланы еске алумен қимылдат. Aлла үшін жақсы көр, Aлла үшін жақтырма” деген.