ЖҮРЕК ПЕН АҚЫЛ

ЖҮРЕК ПЕН АҚЫЛ

1
3 мин
ЖҮРЕК ПЕН АҚЫЛ

Ұлы ғұлама ұстаз, өлер алдында шәкірттеріне мұраға тосын сый қалдырды.

Қарапайым қағаз орамада үйдің кілті жатты.

Ия, Кәдімгі кілт. Ұстаз үйінің кілті.

Ұстаздың еш нәрсені жайдан жай жасамайтынын білетін шәкірттері бұл сыйлыққа қуанып есікті ашты.

Ұстаздың білімді саналатын шәкірттері өз ара топшылап "Бұл кілт ненің белгісі? Ұстаз бізге кілт қалдырғанда нені меңзеді?" деп әр қайсысы өздерінше тұжырым жасай бастады.

Ойын алғашқы жеткізген шәкірт

"Ұстазымыз бізге мына кең ауқымды кітапхананы меңзеген шығар.

Күш білімде, кітаптар, ескі қол жазбалар, тарихи тұжырымдамалар бұлардың бәрі білімге бастар жол емеспе?

Ұстаз бізді білімге шақырғаны" деді.

Екінші шәкірт: "Мүмкін ұстаз бізге мына рәсімді меңзеп кеткен шығар" деп шәй столда тұрған шәй рәсіміне дайын тұрған ыдыс аяқты көрсетті. Бәрі орын орынымен тұр.

Кесе, тәтті салғыштар, нан салғыш ыдыс, шәйнек, ең азы ыстық құманды ұстар майлық шүберекте белгілі бір формада бүктелген.

Яғни біздер бірлесіп өмір сүрсек, бір дастархан басынан табыла білсек, бірлесіп шешім шығара білсек, ұстаздың ойын дөп басқанымыз емеспе? Бізге керегі Бірлік болды ғой"деп ойын жеткізді.

Үшінші шәкірті: "Мүмкін ұстаздың айтқысы, көрсеткісі келгені ауладағы "Тастар бағы"шығар, көрдіңіздерме бәрі орын орнында, үйлесімді, жарасымды. Тіпті уақыттың өзі осы жарасымдылықты сақтау үшін тастар бағында тұнып тоқтап қалғандай. Яғни өмірге үйлесімділік керек"деп топшылады.

Ия. Әр шәкірт өзіне тән, өздеріне жақын, түсінікті ойды жеткізді, олар өздерінше дұрыс та еді.

Олар өздері оқып білген тұжырымға сәйкес ойлап тұрды. Оларды сол сәтте ақыл билеп тұрған ды.

Әйтседе ұстаздың қалдырған ойы

Ол Махаббат еді.

Әрбір адамға, өмірге, істеген ісіңе, қоршаған ортаға деген махаббат еді.

Ақыл, оқу білім арқылы келгесін, кейде қатып қалған қағидаға байланып жағдайды түгел қамти алмайды,

тек ақылмен шешу ол білімнің үстемдігі,

кейде жүрекпен түсінер сәттер де болады.

Ақыл мен жүректің үйлесімділігі ол ұлылықтың нышаны.

Қазіргінің адамдары сауатты, білімді, оқыған тоқыған.

Сол себепті де әркім өз оқығанын дәлелдеп, сол қағидамен жүргісі келеді, кей жағдайда өзгелерге де өз ақылын, таңып қойғысы келіп тұрады.

Ал, ол адам ақылды түсінседе ар жағында жүрекпен қабылдай алмағасын түсініспеушілік пен пікірталас туындайды.

Өмір, кітаптағыдай, қатып қалған қағидамен ережемен сүретін нәрсе емес қой.

Өмір адамға жүрекпен түсініп сүруге берілген мезгіл емеспе.

Адам өмірге келгенде ең бірінші ананың махаббатын сезінеді.

Айналасындағылардың өзіне деген сүйіспеншілігін көреді.

Ол кезде бәрі жақсы, көңілді, қызық.

Ол кезді адамдар "Бақытты балалық шақ" деп атайды.

Өсе келе "Ақыл толтырғанда" солардан ажырай бастайды.

Яғни ақыл алға шығып, жүректегі сезім кейін шегінеді. Қатып қалған ережелер өз дегенін істей бастайды.

Бұл тұжырым тәмсілмен айтқым келіп отырғаны:

Мүмкін біздер қатты ақылды болып кетіп, жүрек соған ілесе алмай қалып жатқан шығар.

Ақыл мен жүрек үйлесім тауып, бір арнаға түссе, өмірімізде жеңілдей бастар мүмкін.

Сіз қалай ойлайсыз ағайын, біз неден қателесіп жүрміз?

 

Мұрат КЕНЖЕБАЕВ. Бейнеу.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс