ЖҮРЕГІ ТАЗА ЖӘНЕ ЫҚЫЛАСТЫ АДАМНЫҢ САУАБЫ МОЛ БОЛАДЫ

ЖҮРЕГІ ТАЗА ЖӘНЕ ЫҚЫЛАСТЫ АДАМНЫҢ САУАБЫ МОЛ БОЛАДЫ

937
2 мин
ЖҮРЕГІ ТАЗА ЖӘНЕ ЫҚЫЛАСТЫ АДАМНЫҢ САУАБЫ МОЛ БОЛАДЫ

Исмайыл Хаққы Бурсәуи (р аләйһ.) былай дейді:

"Адамның жүрегі ағаштың тамыры іспетті. Ол жақсы болса барлық ағза дұрыс болады, ол нашар болса барлық ағза нашар болады. 

Жасалған амалдың сауабының еселенуі де жүректің күйіне байланысты. Осы себепті, садақа, зекет беру, қонақ күту сияқты қайсы бір амал болсын ынта мен шынайы ықылас керек. Алланың разылығы үміт етілген амалды ниетсіз жасау дұрыс емес. Олардың қарымтасы ақыретте беріледі.

Баяғыда Меккеде бір шаштаразға амалы түзу, Құдайға жақын бір адам келіпті. Алайда ол кісінің шаштаразға берер ақшасы болғандықтан шаштараз оған Аллаһ разылығы үшін тегін қызмет көрсетіпті. Әлгі кісі де разы болып іштей  «бүгін қолыма бір нірсе түссе осы шаштаразға берейін» деп ниеттенеді. Ақса мешітіне барады. Мешітке кірер кірмес,бір кісі ішінде мың алтыны бар бір ыдыс ұстатады. Оны ала сала шаштаразға жүгіреді. Шаштараз болса, «Мен сені Алланың сүйікті құлы, әулие деп Алла разылығы үшін тегін қызмет көрсетпедім бе? Алла үшін деп жасап алып оның қарымтасын қалай қайтып аламын?» деп берген ақшаны алмады.

Бұл оқиғадан шаштараздың жүрегінің тазалығын, көңілінің пәктігі мен әулие кісінің де сөзінде беріктігі мен жомарттығын көреміз. Міне, бұл мұсылмандардың сипаттары.

Жүректің бұлай тазалығы, не туғаннан болады, бірақ ондай адамдар өте санаулы, не кейіннен тәзкиямен (тазартумен) болмақ.

Тәзкия құлдың мәсиуадан (Алладан басқа нәрседен) босатуы, бұл өте қиын әрі көп қайратты қажет етеді. Осы себепті, айнаның тазалануы үшін бір тазалықшыға мұқтаждық болғанындай, жүректің тазалығына да бір рухани ұстазға мұқтаждық бар".

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс