ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ

ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ

1
2 мин
ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ

Бір-біріңді құрметтеу деген - басқа адамның сезімдерін, пікірлерін, тәжірибесін, қажеттіліктерін және талаптарын ескеру деген сөз.

Болашақ күйеуіңізбен немесе әйеліңізбен алғаш танысқан кезде өзіңізді қалай сыпайы, әрі нәзік ұстадыңыз. Егер сол кезде өзіңізді дөрекі ұстап, оны ренжітетін болсаңыз сізді ұнатпай қалып, онымен отбасы құра алмай қалатыныңызды білдіңіз.

Енді отбасы құрған екенсіз, өмір бойы жұбайыңызға құрметпен қарауыңыз керек. Бір-біріңізбен тату тұруды үйрену керек, бір-біріңе құлақ салып тыңдай алу керек, басқа адамдарды дұрыс түсіне білу керек, бір нәрсені айтып, содан таймай тұрып алғаннан аулақ болу керек, және ымырасыздық, енжарлық, қатыгездік пен дөрекіліктен арылу.

Қарапайым ұстанымдар: басқа адамның пікірін құрметтеу, әдеттерге адал болу, талғамдарды ескеру, отбасындағы мүшелердің жеке кеңістігін құрметтеу.

Ерлі-зайыптылар бір-бірінен көптеген жағынан ерекшеленуі мүмкін, біреуінің жасы үлкен, бірі кіші, біреу жоғары білімді, бірі орташа мамандық иесі, біреуі қызметте бастық, біреуі қарапайым жұмысшы, біреуінің айлық табысы көп, біреуінікі аз болуы мүмкін. Қалай болғанда да олар бір-біріне құрметпен қарауы керек.

Әйелі ғана күйеуін бастық тұтып құрмет көрсетіп қоймастан, күйеуі де әйелін құрметтеп, оған болмыс ретінде құрметпен қарауға міндетті.

Ол оның бойынан Құдайдың баға жетпес бейнесін құрметтеп, оны Құдайдың Өзі берген сыйы ретінде бағалауы тиіс.

Сосын, балалар ата-аналарын құрметтеп, ата-аналар балаларына құрметпен қарауы керек.

Өзара сыйластық өзара түсіністікті жақсартып, бірге өмір сүруді жеңілдетеді және барлық отбасы мүшелеріне тыныштық пен қуаныш әкеледі.

 

аударған Жүрсін Кәрім

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс