ӨЗ МӘНІСІН ЖОҒАЛТПАЙТЫН ЕКІ ТӘМСІЛ

ӨЗ МӘНІСІН ЖОҒАЛТПАЙТЫН ЕКІ ТӘМСІЛ

1
2 мин
ӨЗ МӘНІСІН ЖОҒАЛТПАЙТЫН ЕКІ ТӘМСІЛ

Қыс. Орыстың орманы.Қалың ұйқыда жатқан аю аштықтан  оянып кетіпті.

Содан жақын маңдағы ауылға барса, шеткі қорада ат байлаулы тұр екен.

Аю— Ат мен сені жеймін

Ат— Мені жеуге болмайды

Аю— Неге?

Ат — Мен колхоздың мүлкімін

Аю —Оны қалай айырамыз?

Ат— Менің жамбасымда жазулы

Аю, оқымақшы боп аттың арт жағынан барса, ат бар күшімен бір теуіпті.

Екі сағат есінен танып жатқан аю, есін жинағасын" Әріп танитындай, аттың артында нем бар еді" деп өкінген екен.

Сол айтқандай кейбіреулер, посттың не туралы екенін білмеседе, қарсы коментарий жазып жатады.

Бірдеңе түсіндіре бастасаң, жатып кеп ашуланып аузына келгенді құсады.

Мораль: Түсініп Оқитын сауатың болмаса,көрінген жерге басыңды тықпа.

                 ****

Ертеде Аңдар мен Құстар арасында үздіксіз соғыс жүріп отырған екен.

Тек Жарғанат қана екі жаққа қосылмай тыныш отырады екен.

Алайда, бір күні құстар жеңе бастағанда, жарғанат " Мен құспын, қанатым бар" деп қосыла кетіпті.

Бір азырақ соғысқан соң, азулы аңдар күш алып, ұрыс басқа бағыт ала бастағанда, Жарғанат" Мен сүт қоректімін, мен аңдар қатарына жатам, "деп тістерін, емшектерін көрсетіп, аңдар жағына өтіпті.

Алайда ол соғыста құстар жеңіп кеткесін, жарғанат құс болғысы келсе,

құстар қуып жолатпапты, қайта аңдарға қосылуға енді бет жоқ.

Сөйтіп екі жаққа да қосылмаған Жарғанат, жертөле, ағаштардың қуыстарын, жарық аз жерлерді мекендеп, аңдардың да құстардың да санатында жоқ екен.

Бұл ертеден қалған аңыз әңгіме.

Бірақта қазір, адамдар арасында да осындай екі жүзді адамдар кездесіп қалып жүр.

Сөздері мен істері үйлеспейтін, биік сөйлейтін, ұятты білмейтін біреулер оттаумен айналысып жүр.

Жарғанат  емес, АДАМ қатарында қалайық ағайын.

Мурат Кенжебаев. Бейнеу

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс