ӨЗ АМАЛЫМЕН МАҚТАНУ – АЛЛАНЫҢ НЫҒМЕТІН ҰМЫТУ

ӨЗ АМАЛЫМЕН МАҚТАНУ – АЛЛАНЫҢ НЫҒМЕТІН ҰМЫТУ

633
1 мин
ӨЗ АМАЛЫМЕН МАҚТАНУ – АЛЛАНЫҢ НЫҒМЕТІН ҰМЫТУ

Имам Құртұби (Алла одан разы болсын) айтады:

«Адамның өз амалымен мақтануы, сол амалын кемел деп білуі – Алланың оған берген нығметін ұмытуына жатады».

Негізінен, Алла Тағала ол адамды нығметінен мақұрым қылды. Өйткені, нығметтің ең үлкені – өзінің жасаған үлкен амалы болса да, аз деп білуі. Ал, басқалардың аз амалын көрсе де, үлкен деп білуі.

Сондай-ақ қарапайым адамдардан көрген жақсылығын көп деп бағалауды айтады.

Сондықтан адам баласы өзінің үлкен-үлкен амалдарын кішкентай деп білуі керек.

Бұдан түсінетініміз, Алланың бұйырған амалын шариғатқа сәйкес, әдеппен, кішіпейілділікпен орындау – сол амалдың саған берілген нығмет болуына, қабыл болуына негіз болатын себеп екен.

(Өзбекстандық Рахымберді ұстаз, имам) Қуат ҚАБДОЛДА


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс