ҚЫЗЫҢДЫ ҰЗАТҚАН КЕЗДЕ, МЫНАНЫ ЖАҚСЫ ТҮСІНУІҢ КЕРЕК

ҚЫЗЫҢДЫ ҰЗАТҚАН КЕЗДЕ, МЫНАНЫ ЖАҚСЫ ТҮСІНУІҢ КЕРЕК

232
2 мин
ҚЫЗЫҢДЫ ҰЗАТҚАН КЕЗДЕ, МЫНАНЫ ЖАҚСЫ ТҮСІНУІҢ КЕРЕК

• Ол сенің иелігіңнен шықты, енді күйеуінің қоластына өтті.

Түсінуің керек:

Қызың күйеуге шыққан соң, олардың жеке өміріне құрметпен қарауың қажет.

• Әр сәт сайын қоңырау шалма,

• Үнемі барып мазалама,

• Олардың арасына араласпа,

• Одан бір нәрсе сұрар болсаң, күйеуіне де ескертуін талап ет.

Түсінуің керек:

• Күйеуінің рұқсатынсыз үйіне кіріп, қызыңды ертіп кетуге қақың жоқ.

• Күйеуінің келісімінсіз оған бір нәрсе істеуге мәжбүрлеуге болмайды.

Түсінуің керек:

Қызың мен оның қайын жұрты арасындағы өзара қарым-қатынасты бұзба.

• Қызыңның күйеуінің әкесімен немесе бауырларымен ренжістің болса,

сол үшін қызыңды күйеуінен ажыратуға итермелеуге болмайды.

Түсінуің керек:

Сенің жасың азайып келеді…

• Қызыңның амандығы — күйеуінің амандығы.

• Қызыңның болашағы — күйеуімен.

• Қызыңның тұрақтылығы — күйеуімен.

• Қызыңның бақыты — күйеуімен байланысты.

Мұны санаңа сіңір, және қызыңа да осыны үйрет.

Қызыңа үйрет:

Күйеуіне мойынсұну — Аллаға мойынсұнумен тең.

Әйеліңе ескерту:

• Қыздарының өміріне араласпасын.

• Күйеуімен болған әрбір ұсақ-түйекке араласпасын.

• Оған әр сағат сайын қоңырау шалып, үнемі хат жазуын доғарсын.

• Қызымен не болса соған араласып, ақыл айтудан тартынсын.

Қорытынды:

Шынайы әке — қызына болашаққа жол салып беретін адам.

Ол қызын некеге дейін барлық өмірлік мәселелерге дайындайды.

• Сүйем деу жеткіліксіз, егер онымен бірге тәрбие мен бағыт болмаса.

• Қызыңды жақсы көру — оған тәрбие беру,

онымен арадағы шекараны білу,

оның болашағы үшін сабыр ете білу деген сөз.

Егер біз махаббат дегеніміз — қызға болашаққа бағыт көрсету екенін ұқсақ, онда ажырасу деңгейі 60%-ға дейін төмендейтін еді.

Иә, мен айта аламын:

Ажырасу мен отбасылық жанжалдардың көбі — ананың не әкенің қыздарының отбасылық өміріне араласуынан болады.

Abdulakhad Smanov 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс