ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ

ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ

366
2 мин
ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ

Қазіргі кездегі тойлар мен жиындардың көбі - ысырап пен даңғазалыққа жатады. Бұл - харам.

Мысалы, аспа-төк дастархан жаю мен қыруар ақша төлеп әнші-сәнші шақыру. Иә, айналада, ағайын-туыста, қоғамда білім-ғылым алуға, оқу құралы, баспана, азық-түлік, денсаулық, жол т.б. негізгі қажеттіліктерге мұқтаждық бар кезде қыруар қаржы шашып той жасау да, тойда қыруар ақша беріп әнші шақыру да - ысырап, харам. Бұл адамшылыққа да, ақылға да, дінге де қайшы нәрсе.

Ал енді қарыз алып, кредит алып той жасауға айтар сөз жоқ. Түсінемін, баласы үшін, қуанышы үшін елден қалыс қалмайын дейтін шығар, бірақ бұл дұрыс емес.

Әрине, тойда ән болады, сән болады, өнерді бағалаған жақсы, оған қарсылық жоқ. Бірақ, әр нәрсенің өз бағасы болады. Кейбір әншілер бір тойда 3-4 ән айтқанына 10,000-15,000 долларға дейін алады. Демек осындай сумма беретін адам көп.

Шындығында мұндай ақшаны университетте жыл бойы сабақ беретін, ғылыммен жыл бойы айналысып, еңбек жазатын атақ-дәрежесі бар ғалымдар 1 жылда әрең алады. Тіпті кейбір ғалымдардың 1 жылдық айлығы 10 мың долларға (5,000.000 теңгеге) жетпейді. Тойды әркім өз қаражатымен жасайтындықтан басқаның не шаруасы бар дейтін шығар. Бірақ, ақиқатын айтар болсақ, адам өз қаражаты болса да орынсыз шашпауы, пайдасыз, сауапсыз істерге жұмсамауы тиіс.

Тек жеке адамдар емес, Мемлекет те бюжетті (халық қазынасын) ысырап жасамастан пайдалы, халық игілігіне жарайтын іс жасауы тиіс. 

Жоламан БҰЛАНҰЛЫ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс