ТОСАП

ТОСАП

2274
1 мин
ТОСАП

Тосап деген сөзді құлағыңыз тосырқай қоймасы анық. Өйткені оны күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрміз. «Құлпынай тосабы», «қарақат тосабы» деу арқылы осынау сөзге тіліміз үйреніп кетті.

Ал нағыз тосаптың қандай болатынын кейіміз білсек те, көбіміз біле бермеуіміз мүмкін...

«Білем, Құсеке, – деді Мырзағазы, — ол майдың қымызы ғой.

Қымызды жан торсыққа құямыз да, ішіне жылқының ұлпа қазысын салып, түнде күзетке кеткен жылқышының қанжығасына байлап жібереміз. Түні бойы шайқалған қымызға қазының майы сіңіп, қоймалжың боп кетеді. Осы болар тосап дегеніңіз...».

(Сәбит Мұқанов «Өмір мектебі», 228 б, 2 том).

Міне, осындай жылқының ұлпа қазысы салынып шайқалған мамыр айының қымызы өкпе ауруына мың да бір ем көрінеді.

Жас кезінде Омбыдан құрт ауруына шалдығып, құр сүлдерін ғана сүйретіп келген Қанышты (Сәтбаев) әкесі Имантай дәл осы тәсілмен (тосап) емдеп, аяғына тік тұрғызып, қайтадан Омбыға аттандырғанын Медеу Сәрсекенің «Қанышын» оқығандар жақсы біледі...

Мұрат РАҚЫМЖАН-ның фб парақшасынан

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс