ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

419
3 мин
ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

Жасөспірімдердің телефонға тәуелділігінің алдын алу жолдары

Қазіргі таңда смартфондар – өміріміздің ажырамас бөлігіне айналса, телефонға тәуелділік - қазіргі заман дертіне айналды. Олай дейтініміз телефонда еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін қызықтыратын түрлі қосымшалар мен арнайы порталдар саны күн санап артып келеді. Дәрігерлер мен сарапшылар оның адам азғасына қаншалықты зиян екенін айтса да, оны елеп-ескеріп жатқандар кемде-кем.

Әсіресе жасөспірімдер арасында телефонға деген тәуелділік күннен-күнге артып келеді. Бұл олардың денсаулығына, психикасына, оқу үлгеріміне және әлеуметтік қатынастарына кері әсер етуі мүмкін.

Сондықтан бұл мәселеге дер кезінде назар аудару өте маңызды.

10-жасқа дейінгі балаларға телефонды тәулігіне 1,5 сағат қана қарауына рұқсат. Ал одан жоғары жастағы жасөспірімдерге 3 сағатқа дейін қарауына болады. Көрсетілген нормадан артық қараған жағдайда жүйке жүйесіне кері әсер етеді.

Тәуелділік белгілері:

– Телефонсыз өмірін елестете алмау;

– Ұйқы режимінің бұзылуы;

– Әлеуметтік байланыстардан алыстау;

– Ашуланшақтық, мазасыздық, жалғыздық сезімі;

-- Дұрыс тамақтанбау;

-- Түрлі аурулар.

Алдын алу үшін ата-ана:

1.Уақытты шектеу.

Күнделікті телефон қолдану уақытына шек қою – тиімді тәсіл. Арнайы қосымшалар арқылы экран алдындағы уақытты бақылауға болады.

2. Қызығушылықты басқа жаққа бұру.

Баланы телефоннан алшақтатудың тағы бір жолы – бірге отырып сурет салу немесе бірігіп ас дайындау секілді басқа нәрсеге қызығушылығын дамыту.

Спорт, өнер, кітап оқу немесе үйірмелерге қатысу сияқты пайдалы әрекеттермен айналысу – баланың бос уақытын тиімді өткізуіне сеп болады.

3. Ортақ ереже қою.

Үй ішінде белгілі бір уақыттарда (мысалы, тамақтану кезінде, ұйықтар алдында) телефон қолдануға тыйым салу пайдалы.

4. Жеке үлгі көрсету.

Ата-аналар өздері де телефонға шектен тыс тәуелді болмаса, бала да соны үлгі етеді.

5. Психологиялық қолдау керек.

Егер балада тәуелділік тереңдеп кеткен болса, психолог маманмен жұмыс жасау қажет.

Зерттеуге сенсек, қазір жеткіншектердің 80 пайызы өмірін телефонсыз елесте аламайды екен.

Әлемдік ғалымдардың пікірінше, смартфонды шамадын тыс пайдалану көз жанарын құрту мен мидың қызметін бұзудан бөлек, обыр ауруына дейін шалдықтыруы мүмкін екендігін айтуда.Сорақысы сол, оның қауіптілігі есірткі мен түрлі психотроптық заттардан да зиян дейді.

Сол себепті баланы әсіресе, өтпелі кезеңде қатаң бақылауға алу керектігін ескертеміз!

Телефон – пайдалы құрал, бірақ оны орынды пайдаланбаса, зияны да бар. Жасөспірімдердің өмірлік дағдылары дұрыс қалыптасуы үшін саналы түрде бақылау мен қолдау қажет.

Баланы телефонға телміртуден осы бастан ажыратпасақ, ертең кеш болады!

 

Әмина КЕТЕБАЕВА ЖДО психологі.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс