Балабақшада бір бала ортасында есігі бар жүректің суретін салыпты.
Оны байқаған тәрбиеші:
— Қандай жақсы сурет. Неге ортасына есіктің суретін салдың?– деп сұрайды.
Сонда бала:
— Ол есіктен Алла кіреді,- дейді.
Тәрбиеші:
—Онда оның тұтқасы неге жоқ? Тұтқасыз есік бола ма екен?
Бұған берген баланың жауабын қараңыз:
— Оның тұтқасы сыртында емес, ішінде болу керек. Оны Алла емес, ішінен біз ашуымыз керек, - деп таңқалдырған екен…
Жүрсін Кәрім парақшасынан