ТҰСАУ КЕСУ

ТҰСАУ КЕСУ

73
2 мин
ТҰСАУ КЕСУ

Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды.

Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, "тұсау кесер" жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бі желаяқ пысық әйелге: "Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын!" - деп ұсынады.

Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап, сонан соң ортасынан кеседі.

Бала анасына қарай тәлтіректей жөнеледі.

Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды.

"Тұсау кесу" баланың өмір сапары сәтті болу үшін ақ тілекпен жасаған ниеті, Құдайға деген құлшылығы. Осы арада "Баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара,

қызыл, көк жіп неге байланбайды?" деген сұрақ тууы мүмкін.

Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп үға алатын, айтқанды істейтін кезінен - тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе бірден кесіп құртуға тырыс дегені.

Бұл - екінші себебі.

Ал біріншісі - оның алдында айтқанымыздай, баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

 

Қаз-қаз, балам, қаз, балам

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

 

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай, құлын боп шаба ғой,

Озып, бәйге ала ғой.

 

 

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

 

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс