-Оны таңғы ассыз жұмысқа жібермеңіз. Егер ол бас тартса да, өзіңіз төсекте жатып қалмаңыз; ол үйден шыққанда бірге шығып, есікке дейін шығарып салыңыз. Сонда ол отбасындағы махаббатты сезінеді. Сізге болмашы көрінген бұл іс, күйеуіңіз үшін үлкен рухани демеу мен шынайы қуаныш болуы мүмкін. Тіпті осындай бір сәт оның күн бойғы шаршауын жеңілдетеді.
-Оны күлімсіреп шығарып салыңыз, күлімсіреп қарсы алыңыз. Себебі сырттағы өмір суық әрі ауыр, кейде күйеуіңіз көтеретін жүк адам төзгісіздей сезіледі.
-Ер адамның бақыты да, мұңы да — өз үйінде. Ер адам жұмысында немесе сыртқы жағдайларда емес, ең алдымен өз үйінде сүрінсе ғана шын мәнінде құлайды. Сондықтан күйеуіңіз үшін шынайы бақыт болыңыз. Күйеудің құлауы — тұтас отбасының құлауы.
-Өтінемін, сәл болса да реніш пен назды азайтыңыз:
«Неге хабарласпадың?», «Неге мені сұрамадың?», «Мені сағынбадың», «Енді мені сүймейсің бе?» деген сөздерден аулақ болыңыз. Ол ойын-сауыққа емес, жұмысқа кетіп бара жатыр. Ол жұмысқа ілесу, сыртқы ортамен күресу үшін күш, қуат, зейін жұмсайды. Мұндайда сіз айтқанға уақыты болмауы мүмкін. Егер ол сізді атап өтсе — жақсы, ал атамаса — бұл сізді сүймейді деген сөз емес, керісінше, ол сіз бен балаларыңыздың ризық-несібесі үшін әбігер. Үнемі наз айту кейде қатты шаршатады.
-Таң намазын қалдырмаңыз. Күйеуіңізді жұмысқа шығарып салған соң, бір парыз намазды орындаңыз. Кейде сіз күйеуіңізге берілген ризықтың себебі боласыз. Алла оны сіз үшін құрметтеп, мол ризық береді. Көбіне әйел — күйеуінің ризық есігі.
-Балаларыңызға әкелерінің батыл, жомарт, күшті адам екенін үйретіңіз. Ол олардың несібесін табу, киім әперу, оқуын жалғастыру, үй тұрғызу үшін кетіп бара жатқанын түсіндіріңіз. Балаларыңыз әкелерін құрметтесін, оны нағыз батыр әрі үлкен өнеге деп білсін. Мұның өзі сізге жәннатқа себеп болуы мүмкін.
Соңында айтарым:
Отбасы — ер адам үшін бәрі. Ендеше, сіз де ол үшін бәрі болыңыз. Ер адамның шынайы бақыты — әйелінің берген тыныштығында. Егер ер адам көңілді әрі жайлы болса, демек оның үйінде ұлы әйел бар. Ал егер ол бақытсыз болса, онда тек өзін ойлайтын, үнемі ренішке берілетін әйел бар деген сөз.