ШОҢНЫҢ ШОҢДЫҒЫН ТАНЫТҚАН МІНЕЗІ...

ШОҢНЫҢ ШОҢДЫҒЫН ТАНЫТҚАН МІНЕЗІ...

1
2 мин
ШОҢНЫҢ ШОҢДЫҒЫН ТАНЫТҚАН МІНЕЗІ...

Торайғыр мен Шоң ағайынды кісілер екен. Бірде екеуі қатты араздасып қалады да ағасына өкпелеген Шоң Бағаналы Бабырға көшеді. Татуластырмақ болып басу айтқан ел жақсыларының сөзін тыңдамайды.

Шоңның көші жаңа ғана шығып бара жатқанда, қозысын суға құлатқан сол ауылдың бір қозышы баласы кездескен біреуден «Ана топ кімдер, ана көш кімнің көші»- деп сұрайды. Әлгі кісі мән- жайды түсіндіреді. Анау елден кетіп бара жатқан туғандары дейді. Осыны естіген бала таймен шапқылап отырып, көштің алдын орайды да көш бастап бара жатқан Шоңға сәлем береді.

- Ассалаумағалейкум, ата, жол болсын! Қайда көшіп барасыз?- дейді. Қасқая қарап, аталап, сәлем берген баланы елеп, Шоң тоқтап жөнін айтады.

Сонда бала:

- Е, мұнан барсаң барасың.

Бағаналы Бабырға

Өзіне жейтін бас болса,

Сыбағаңа тартылар

Бір сындырғы қабырға.

Ат пен жігітің сай болса

Барымтасына жарарсың.

Қызың сұлу, тазың алғыр болса

Бозбаласына жағарсың.

Ел көшкенде, сен түндігіңе қарарсың.

Мұндағы Торайғыр, Шоң деген,

Аттан бір айырылып қаларсың.

- дейді.

Шоң ойланып тұрып қалады. Елдің бүкіл жақсысы мен жайсаңы жалынғанда тоқтамаған едіңіз, енді бір қаршадай бала айтты деп жолдан қайту ұят емес пе?- дейді жанындағылар.

- Жоқ, олар осы баланың сөзін тауып айтса қайда қалыпты. Мен кімнен жеңілсем, соны мойындаймын, көштің бетін елге бұрыңдар- деп Шоң райдан қайтқандығын білдірген екен.

- Алда ерім -ай, енді қайтсын. Дұрыс ау- ақ. Шоңның шоңдығын танытар мінез ғой бұл- депті қасындағы кісілер.

,,Даланың дара ділмәрлары,, кітабынан алынды

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс