САҒЫНЫП ТАМАҚ ЖЕУ...

САҒЫНЫП ТАМАҚ ЖЕУ...

1097
1 мин
САҒЫНЫП ТАМАҚ ЖЕУ...

Бір сопыдан:

– Күніне қанша тамақ жеуіміз керек? – деп сұрапты біреу.

– Бір тілім нан мен екі түйір зәйтүн, – деп жауап беріпті сопы. Бұл жауапқа қайран қалған әлгі адам:

– Осыншалықты ғана тамақ бізді тасып жүре ала ма? – депті.

– Осыншалықтысы да сені тасуға жеткілікті, бұдан артығын жесең, оны сен тасып жүретін боласың, – деген екен сопы.

Таңғы ас, түскі ас, бестің шайы, кешкі ас дегенді кім шығарды екен?

Мөңке бидің:

“Ақырзаман адамы –

Сағынып тамақ жемейді,

Ащыны – ащы демейді”, – дегеніне қарағанда, бабаларымыз да әбден қарны ашқанда, сағынып қана тамақ ішкен тәрізді ғой.

Салтан САЙРАНҰЛЫ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс