СӘРЕСІН ІШУДІҢ ХИКМЕТТЕРІ

СӘРЕСІН ІШУДІҢ ХИКМЕТТЕРІ

1047
1 мин
СӘРЕСІН ІШУДІҢ ХИКМЕТТЕРІ

Сәресін ішудің бірнеше хикметі бар.

Олар:

1. Құлшылыққа күш-қуат берді.

2. Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресін ішпейді.

Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біздің ораза мен кітап иелерінің оразасының айылмашылығы – сәресі ішуде»,– дегенін жеткізген.

Сәресі уақыты.

Хадисте Зайд бин Сабиттің(р.а), Пайғамбарымызбен (с.а.у), бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас, (р.а); «Екеуінің арасы қанша уақыт болды?», – деп сұрағанда, Зайдтың,(р.а); «Елу аят шамасынша»,– деп жауап бергені баяндалады.

Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у), таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.

Сәресінің мөлшері.

Әбу Сағид Худрий,(р.а) «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де...», – деген риуаят жеткізеді.

Ең абзал сәресі.

Әбу Һурайра (р.а) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша»,– деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады.

Алла Тағала, барша мүминдерге Рамазан айының Оразасын ықыласпен өтеуімізді, баршамызды осы айда тозақтан құтылушылардан болуды нәсіп етсін!

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс