
Руми — Иранның ең ұлы мистикалық ақыны Джалаладин Мұхаммедтің әдеби бүркеншік аттарының бірі. Тұрғылықты жеріндегі лақап ат ақын өмірінің көп бөлігін Кіші Азиядағы Румда өткізгендіктен "руман" (Румнан) дегенді білдіреді. Оның поэтикалық шығармашылығы мен философиялық және діни көзқарастары Таяу және Орта Шығыс халықтарының әдебиеті мен көзқарастар жүйесінде терең, таңғаларлық із қалдырды.
***
Жетелеген сағым саған қанат болып жарытпас,
Қатаймаған қанат бір күн түсіреді тұтқынға.
Берілмегін бос қиялға, тұлға болып қалыптас,
Қиянаттан арылғайсың елестерден шыққын да.
***
Елестетіп жүрген мынау ләззатымыз расында –
Құмарлықтың тұңғиығы, қиял ғой тек басыңда.
***
Жоғалтудан қорқып, жүріп жоғалтамыз бәрін де,
Қорқып жүріп азаптардан, екі есе азап шегеміз.
Зұлым ойлар қиындықтың жолықтырар мәніне,
Тәңіріңнен қорыққаннан жүректі оған береміз.
***
Ізденіңіз! Бұл іздену – сәттіліктің негізі,
Сәттілікке жол бастайды адал жүрек лебізі.
Жайлы өмір келеді деп отырмағын бекерге,
Ізден, сұра Тәңіріңнен, қарық қылар шекерге.
***
Егерде сен басқан тоттан тазарта алсаң жүректі,
Көкке жетіп дұғаларың, берер Тәңір тілекті.
***
Философ – бұл ақыл-ойды қабылдайтын құл ғана,
Ақыл оның – сырт бейнесі қоя салған сырлана.
Қағаздарды шимайлаумен әуре болып жатады,
Қаныға алмай тұрса дағы шынайылық сырға да...
***
Дана адам терең теңіз секілді,
Таза судай қандыратын шөліңді.
Бар әлемге қорек болар не түрлі,
Пәк жүрегі толтырады көліңді!
***
Құдайдың салған арнасы,
Танымның нәрін себеді.
Пайғамбарлармен жалғасып,
Пендеге хабар береді.
***
Жердегі өмір түс сияқты бір сәттік,
Тұрғандай сені алдыңнан күтіп кіл шаттық.
Ештеңе бірақ жоғалтпайсың ғой түсіңде,
Оянған шақта өкініш тұрар ішіңде.
Сен ұққан шақта өмірдің мынау шындығын,
Түсінесің ғой мақсаттарыңды құнды мың...
***
Ей, жолаушы, сапар шеккен шындыққа,
Орта жолда қалмаңыздар шалдығып.
Жүрегіңді алжастырмай сұмдыққа,
Орын алғын жұмағыңнан мәңгілік.
***
Жаратушыға құштарлықтың шегі жоқ,
Тағына оның жетемін деуші тегі көп.
***
Білгенің жөн, ешуақытта егерде,
Болмасаңыз уақытқа тәуелді.
Азат рух келген болса кемелге,
Мойынсынбас бұғауларға әуелгі.
***
Білген адам уақыттың қадірін,
Бұл өмірде жоғалтпайды сабырын.
Құтылудың жолы осы құлдықтан,
Арыласың басқа түсер сұмдықтан.
***
Ештеңеңіз болмаса да беретін,
Төбемізде Құдай бар ғой көретін.
Кешіреді, мейрімі бар төгетін,
Шет қалдырмас пенделерін сенетін.
***
Адамдарды шатастырар тілегі,
Содан кейін өкінеді үнемі.
Бой алдырып алады да ашуға,
Түзу жолдан ажырып қап жүреді.
***
Қурап қалған және жаңа бұтақ та
Көктен бірдей қабылдар күн сәулесін.
Жеміс берер жаңа бұтақ бірақ та,
Қурақ бұтақ құртпен салар әуресін.
***
Даналыққа сен мас бола алмасаң,
Мезгіліңнен бұрын қурап қаласың.
Махаббатта шынайы боп жанбасаң,
Қараңғыда қалайша жол табасың...
***
Қиялыңмен ерттеп бақыт құсын да,
Көк жүзінде шардай болып ұшасың.
Шар жарылса шыдай алмай қысымға,
Қиял кетер, жерді келіп құшасың.
Толтырмағын кеудеңе тек құр желді,
Жаратылыс сырын түсін бұл енді!
***
Алдау, мақтау – әурешілік әрекет,
Игі істердің жолын дәйім кесетін.
Мейірімді жояды ол пәлекет,
Табандылық түйіндерді шешетін.
***
Өтірікке жолама да, айтпағын,
Ең дұрысы тыныш қал да, үндеме.
Жан семіртер құлағыңа қайтқан үн,
Әсем әуен әсер етер гүлге де!
***
Сенімді жерге жасырғың келсе қазына,
Көзден таса оңтайлы жерді таңдағын.
Керуен жүрер жасырма жолдың сазына,
Таба алмай кейін жүректі өртер таңда мұң.
***
Мынау әлем үлкен дарақ секілді,
Біз піспеген жемісіміз не түрлі.
Бұтақтарда тұрамыз ғой салбырап,
Жетілгенде жерге құлар балбырап.
Дарақтан да байланысың үзілер,
Қуатыңды содан кейін түз білер!
***
Қурап қалған және жаңа бұтақ та
Көктен бірдей қабылдар күн сәулесін.
Жеміс берер жаңа бұтақ бірақ та,
Қурақ бұтақ құртпен салар әуресін.
***
Даналыққа сен мас бола алмасаң,
Мезгіліңнен бұрын қурап қаласың.
Махаббатта шынайы боп жанбасаң,
Қараңғыда қалайша жол табасың...
***
Қиялыңмен ерттеп бақыт құсын да,
Көк жүзінде шардай болып ұшасың.
Шар жарылса шыдай алмай қысымға,
Қиял кетер, жерді келіп құшасың.
Толтырмағын кеудеңе тек құр желді,
Жаратылыс сырын түсін бұл енді!
***
Алдау, мақтау – әурешілік әрекет,
Игі істердің жолын дәйім кесетін.
Мейірімді жояды ол пәлекет,
Табандылық түйіндерді шешетін.
***
Өтірікке жолама да, айтпағын,
Ең дұрысы тыныш қал да, үндеме.
Жан семіртер құлағыңа қайтқан үн,
Әсем әуен әсер етер гүлге де!
***
Сенімді жерге жасырғың келсе қазына,
Көзден таса оңтайлы жерді таңдағын.
Керуен жүрер жасырма жолдың сазына,
Таба алмай кейін жүректі өртер таңда мұң.
***
Мынау әлем үлкен дарақ секілді,
Біз піспеген жемісіміз не түрлі.
Бұтақтарда тұрамыз ғой салбырап,
Жетілгенде жерге құлар балбырап.
Дарақтан да байланысың үзілер,
Қуатыңды содан кейін түз білер!
***
Батылдық етсең кей кезде,
Табарсың күткен жауапты.
Таңды білмей, түн кезбе,
Түн жауып тұрар алапты.
***
Сәттіліктен айырса егер Алла сені толықтай,
Тура жолмен жүре бергін сабыр сақтап қорықпай.
Есік ашпай тұра алмайды ешқашанда жұмағың,
Күйіп-жану, сәтсіздіктер – басқа салған сынағың.
***
Түсінген жан бұл өмірде шындықты,
Басынан еш мәжбүрлікті кешпейді.
Келер мұнда жану үшін кіл мықты,
Құлшылығы көңілдерін теспейді.
***
Шындығында болу керек тілек-мақсат шынайы,
Мұхитта да ерік-жігер жасымасын ұдайы.
***
Бар қазына тереңдерде тамырындай дарақтың,
Гүлдер менен жапыраққа өне бойы нәр берер.
Ізденімпаз жан мен ақыл бәрін көрер алаптың,
Қанат беріп ұшырады, көкке жетіп сән берер...
***
Жылдар бойы жаз боп тұрса көк аспанда күн шығып,
Сол аптаптан қараңғылық жойылады тұншығып.
Мейірімге толы бірақ желтоқсанның салқыны,
Дегенменен жаз тәтті ғой және жайлы тіршілік.
***
Қадағалап жүргін дәйім кеңдік пенен тарлықты,
Артқа ұстап өне бойы жұдырықты түймегін.
Ол әрекет әкелмейді саған байлық, барлықты,
Қанат болмай ақыл байғұс таба алмайды сүйгенін...
***
Бұл өмірде рухани күрессіз һәм сабырсыз
Жете алмайсың лайықты жеңіске.
Қиындықтың тамшысы жоқ білім тостағынынсыз,
Жиғандарың айналады кеміске.
***
Барлық кірді көңілдегі жоғалтасың ұшырып,
Өмірдегі мақсатыңды білген шақта түсініп.
***
Сырқатқа да шалдықтырып, бұл махаббат емдейді,
Қандай қиын сауалдарға бас қатырғын сен мейлі...
Жүрегіңнен таба аласың оның дағы жауабын,
Кеме жаса... Мұхит өзі барар жолды теңдейді!
***
Бұл махаббат қиын соғар фәни менен бақида,
Бірде жеңіп, бірде күйреп қалатының ақида.
Бірақ әлем жарық пенен көлеңкеден тұрады,
Өйткені ол жетпіс екі элементтің тұрағы.
***
Жарық пенен махаббаттың өзгеше ғой діндері,
Мешіт пенен кітаптарға ұқсамайды тіндері...
***
Құлшылық – ноқта, әміршің – уақыт ағатын,
Ақылың – ұстаз... Сабақта жөнге салатын...
***
Саралай бермес болмысты ақыл асылың,
Махаббат деген ғаламдық теңіз жасырын.
Әміршіге бастар соқпақ – құлшылық,
Ғашық жолы – тұңғиықтағы тіршілік.
***
Жылқы малы ақылды һәм төзімді,
Қыңырланса майып қылар өзіңді.
***
Егер сен самғап ұшпасаң,
Қалайша сынар қанатың.
Өзгені зорлап, қыстасаң,
Сенің де соғар сағатың...
Аударған Кенжеғали ҚОШЫМ-НОҒАЙ