
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ نَظَرَ إِلَى أَخِيهِ نَظَرَ مَوَدَّةٍ لَمْ يَكُنْ فِي قَلْبِهِ عَلَيْهِ إِحْنَةٌ لَمْ يَطْرِفْ حَتَّى يُغْفَرَ لَهُ مَا مَضَى مِنْ ذُنُوبِهِ
. (طس)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім дін бауырына ешқандай өкпесіз, сыйластықпен, сүйіспеншілікпен қараса, кірпік қаққанша өткен күнәлары кешіріледі”. (Taбарани, әл-Mужам ул-әусат)
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Қиямет күні Алла Тағала пенделерінің арасында төрелік ету үшін өзін көрсетеді, сол кезде барлық үмбеттер тізерлеп тұрады. Әуелі үш адамды шақырады: Қасиетті Құранды жаттаған қари, Алла жолында өлтірілгенше күрескенді және көптеген мал-мүлікке ие болған адамды.
Алла Тағала Құран оқығаннан сұрайды: «Саған Пайғамбарға жіберген кітабымды үйреткен жоқпын ба?». «Үйреттің, Раббым!» - дейді. «Саған үйреткендерімен амал еттің ба?» - деп сұрайды. Ол: «Уа, Раббым! Мен сенің кітабыңды күні - түні оқыдым» - деді. Алла Тағала: «Сен өтірік айттың» - дейді. Періштелер де: «Өтірік айттың» - дейді. Сол кезде Алла Тағала былай деп айтады: «Сен Құранды «Оны жақсы оқиды» - деп айту үшін оқыдың. Шынында да, ол сөз саған айтылды».
Дүниесі көп адам әкелінеді. Алла Тағала оны да сұраққа тұтады: «Мен саған көп байлық бермедім бе? Мен сені ешкімге мұқтаж етпедім». «Иә, Раббым» - дейді ол. Алла Тағала тағы да сұрайды: «Мен саған берген байлықты не істедің?». Ол: «Уа, Раббым! Туған-туыстарға бердім, садақа бердім» - дейді. Алла Тағала: «Сен өтірік айттың» - дейді. Періштелер де: «Өтірік айттың» - дейді. Сонда, Алла Тағала: «Сен жұрттың: «Қандай жомарт адам» - деп айтуларын қалайтын едің, солай деп те айтылды» - дейді.
Бұлардан соң Алла жолында қайтыс болған адам әкелінеді. Алла Тағала оған: «Не үшін өлтірілдің?» - деп сұрайды. Ол: «Уа, Алла! Мен, сенің жолыңда күрестім. Мен өлгенше сен үшін күрескенмін!» - дейді. Алла Тағала оған: «Сен өтірік айттың» - дейді. Періштелер де: «Сен өтірік айттың» - дейді. Алла оған: «Жоқ! Керісінше, сен: «ол қалай батыл адам» - деп айтулары үшін күрестің, саған солай деп ет айтылды» - дейді.
Сосын Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолын тіземе қойып, былай деді: «Уа, Әбу Һурайра! Қиямет күні тозақтың оты алғаш осы үшеуімен тұтатылады!».