ӘРБІРІМІЗДЕ БІР-БІР АРЫСТАН АҚЫРЫП ТҰР...

ӘРБІРІМІЗДЕ БІР-БІР АРЫСТАН АҚЫРЫП ТҰР...

539
2 мин
ӘРБІРІМІЗДЕ БІР-БІР АРЫСТАН АҚЫРЫП ТҰР...

... Бір күні бір тақуадан "Сіз үнемі жалғыз болудан қалай жалықпайсыз?", - деп сұрапты дейді.

Сонда ол былай жауап беріпті:

- Менің жұмысым өте көп:

екі СҰҢҚАР мен екі БҮРКІТТІ баулып,

екі ҚОЯНДЫ тыныштандыруым керек, ЖЫЛАНДЫ үйретіп,

ЕСЕКТІ баптап,

АРЫСТАНДЫ жуасытуым керек.

- Алайда, біз оларды сіздің жаныңыздан байқамай тұрмыз ғой. Қайда олар?

Сонда тақуа былай депті: - Бұл хайуандарды біз өз бойымызда сақтап жүрміз.

Екі сұңқар көргенінің бәріне ұмтылады - жақсы ма әлде жаман ба, пайдалы ма әлде зиян ба, бәрібір. Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйретуім керек. Бұлар - менің КӨЗДЕРІМ.

Екі бүркіт тырнағы тиген жердің бәрін жарақаттап, құртуға тырысады. Оларды ешкімге зиянын тигізбей, керісінше, айналасына көмектесіп, жақсы қызмет етуге баулуым қажет. Олар – менің ҚОЛДАРЫМ.

Екі қоян қашан көрсең де әрі-бері секіріп, жүгіріп, қорқып, тығылып жүреді. Оларды тыныштандырып, қиындықтан қашпай, ауырлықты жеңуге үйретуім керек. Бұлар – менің АЯҚТАРЫМ.

Ең қиыны - жыланды қадағалау. Ол торға мықтап қамалса да, шабуыл жасауға, шағып алуға, жанындағы адамға улы зәрін төгуге әрдайым дайын тұрады. Сондықтан, оны барынша қадағалап, тәртіпке келтіруім керек. Бұл - менің ТІЛІМ.

Есекті білесіз, қай кезде көрсең де шаршап жүреді, қырсық, қыңыр, өз жұмысын дұрыстап орындағысы келмейді. Мен оны әркез баптап, жағдайын жасауым қажет. Ол – менің ТӘНІМ.

Ең соңында, патша болуға сонша ұмтылып, жан-жағына бұйыра сөйлейтін арыстанды жуасытуым керек. Ол – тәкаппар, мақтаншақ, бүкіл әлем аяғының астында жатса деп ойлайды. Бұл - менің ӨЗІМШІЛДІГІМ.

КӨРІП ТҰРСЫЗ, МЕНІҢ ЖҰМЫСЫМ ТЫМ КӨП!

Айгүл Кемалбекқызы Сағымбайдың

фейсбук парақшасынан

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс