
- Әйеліңнің телефонын тексеріп, оған сенімсіздік білдірме — оған қауіпсіздік сезімін сыйла.
- Намазды кешіктіру — болмайтын нәрсе.
- Әйеліңді салиқалы құрбыларымен кездесуден тыйма — оны сыртқы әлемнен оқшаулама.
- Айлығыңнан әйеліңе де бөлік бөл — ол Алланың разылығына сай жарату үшін.
- Оған анаңа құрмет көрсетуді үйрет — бұл саған құрмет көрсету болып есептеледі.
- Әйеліңді өз отбасы мүшелерін көруінен тыйюға құқығың жоқ — оны тұтқындама.
- Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер — жеке іс, оған ешкім араласпауы керек: не сенің туыстарың, не оның.
- Әйеліңе құпия сақтаудың маңызын үйрет — үйдегі жағдайдың бәрін анасына айту дұрыс емес.
- Балаларыңды дүниеге әкелген — сол әйел. Егер қаласа, олардың есімін қоюға мүмкіндік бер.
- Оның телефонын бақылама — егер оған сенбесең, онымен не үшін үйлендің?
- “Екінші әйел алам” деп әзілдессең де, айтпа.
- “Сенімен ажырасамын” деп әзілдессең де, айтпа.
- Оның отбасына құрмет көрсет.
- Оған түрік сериалдары мен шетелдік телехикаяларды көрудің зиянын түсіндір — олар адамның мінез-құлқын байқатпай-ақ өзгертеді.
-Уақыт сайын оған сыйлық жасап тұр — әйел үшін бағасы емес, маңыздылығы қымбат.
Мысалы, бір тал гүл — материалдық құны чипс бағасынан арзан болса да, әйел үшін оның рухани құны — бүтін өмір.
- Күмән — бақытты шаңырақтың жауы. Әйеліңе күмән келтірме, керісінше, оған қауіпсіздік пен сенімділік сыйла.
- Үйленерде өз үйің болғаны жақсы — баспанаң болсын.
- Сезіммен, сөзбен, көзқараспен оны құрметте.
-Оған жиі жылы сөздер айтып, көңілін көтер.
-Балаларыңа қалай сыйлық алсаң, әйеліңе де сондай көңіл бөл — өзін баладай сезінсін.
- Ол ата-анасына қыдырып барғанда, жиі қоңырау шалып тұр — сағынғаныңды сезінсін.
- Үй шаруасынан мезгіл-мезгіл демалуға рұқсат бер — не болмаса көмектесіп тұр.
-Ол шаршап, ұйықтап қалса, балаларыңды тыныштандырып, алып кет — ол жақсылап ұйықтасын.
- Түнде нәрестені жалғыз қарауға мәжбүр етпе — оған біраз демалуға мүмкіндік бер.
-Оның абыройын отбасыңның көзінше түсірме — олар кейін оны сыйламай қояды.
- Басқа адамдардың жанында оған деген құрметіңді көрсет — олар да оны сыйласын.
-Оған ешқашан өтірік айтпа — сенің шынайылығың оның жүрегіне тыныштық сыйлайды.
-Оған шынайы көңіл берсең, ол саған еселеп қайтарады
Әйел — махаббаттың, мейірімнің, берекенің, тыныштықтың қайнар көзі. Оның бұл қасиеттері тек жәбір көргенде ғана сөніп қалады.
ABDULAKHAD SMANOV-тың фб парақшасынан