ОЙ САЛАР ОҚИҒА…

ОЙ САЛАР ОҚИҒА…

1480
1 мин
ОЙ САЛАР ОҚИҒА…

Бір тас түлкінің құйрығына түсіп, оны кесіп тастады. Мұны басқа түлкі көріп, неге құйрығыңды кесіп тастадың деп сұрады.

Түлкі: «Өзімді ауада ұшып жүрген құс сияқты сезінемін… Бұл қандай керемет сезім!» – деп жауап берді.

Осылайша, ол екінші түлкіні де құйрығын кесіп тастауға итермеледі.

Бірақ екінші түлкі қатты ауырсынуды сезініп, ешқандай рахат таба алмады. Содан кейін ол бірінші түлкіден:

– Неге маған өтірік айттың? – деп сұрады.

Бірінші түлкі: «Егер сен басқа түлкілерге ауырсынуың туралы айтсаң, олар құйрықтарын кеспейді, ал бізді мазақ етеді», – деп жауап берді.

Содан бастап түлкілер бәріне құйрығын кескеннің рақатын айтып, бұрмалап жеткізе бастады. Ақырында түлкілердің көбі құйрықсыз қалды.

Енді олар құйрығы бар түлкілерді көрсе, мазақ ететін болды.

Міне, дәл осы сияқты, қоғамда бұзақылық кең етек жайғанда, жақсы адамдарды жақсылықтары үшін кінәлайды және оларды ақылсыздар мазақ етеді.

Құранда айтылған Лұт қауымының сөздері де осыған дәлел емес пе?

«Лұттың отбасын қастарыңнан шығарып жіберіңдер, өйткені олар тазалық сақтайтын адамдар екен!» (Нәміл сүресі 56аят).

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс