ОЛ ҚОЛДАҒЫ БАРЫН БЕРДІ...

ОЛ ҚОЛДАҒЫ БАРЫН БЕРДІ...

885
2 мин
ОЛ ҚОЛДАҒЫ БАРЫН БЕРДІ...

Жаппар бин Әбу Тәліптің ұлы Абдулла ыстық күндердің бірінде құрма ағаштар бағына кіріп, ағаштардың көлеңкесінде отырады. Сол бақта қызмет еткен бір құлға түскі ас ретінде үш тілім нан берілгенін көреді. Құл нанды аузына салайын деп тұрғанда алдынан бір аш ит шығады. Құл қолындағы нанды иттің алдына қояды. Ит нанды лезде жеп қояды. Құл екінші нан тілімін де жалтақтап кетпей тұрған иттің алдына қояды. Аш ит бұл жолы да түгін қалдырмай жейді. Иттің әлі де аш екенін түсінген құл, соңғы үшінші нан тілімін де иттің алдына қояды. Түскі ассыз қалған құл жұмысына бармақшы болғанда, алыстан оны бақылап отырған Абдулла жақындап келіп сұрайды:

-Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды?

-Мына үш тілім нан.

-Ондай болса неге өзіңе түк қалдырмадың?

-Ит өте аш көрінді. Жартысына тоймас еді.

-Енді өзің не жейсің?

-Ораза ұстаймын.

Абдуллан бин Жаппар құлдан иесінің аты- жөнін сұрап алады. Иесіне барып құрма бағымен бірге құлды да сатып алады. Қайтып келіп құлға құрма бағымен бірге өзін де сатып алғанын хабарлайды да:

«Сені азат етемін. Осы бақты да сыйым ретінде қабыл ет»- дейді.

Осыны естіген ел:

«Сізден асқан жомарт жоқ, сірә! Ол құл итке бар- жоғы үш- ақ тілім нан берді, сіз болса оның ақысына үлкен құрма бағы мен азаттық сыйладыңыз» дегенде Абдулла:

«Оның меннен асқан жомарт екені күмансыз! Өйткені ол қолдағы барын берді, мен болсам бір бөлігін ғана...» деген екен.

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс