МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНІҢ ЕҢ ҰЛЫ ФИЗИГІ

МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНІҢ ЕҢ ҰЛЫ ФИЗИГІ

414
2 мин
МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНІҢ ЕҢ ҰЛЫ ФИЗИГІ

Ғылымдағы жарық жұлдыздардың бірі Ибн Әл-Хайсам (Альхазен) (965 жылы Басрада дүниеге келіп, 1039 жылы Каирде қайтыс болған) — мұсылман әлемінің ең ұлы физигі және адамзат тарихындағы ең ірі оптика зерттеушілерінің бірі.

Әл-Хайсам линзалардың жұмыс принципін алғаш рет дұрыс түсіндіріп, қазіргі заманғы телескоптарда әлі де қолданылатын сфериялық және параболалық айна конструкцияларын жасап шықты.

Ол сондай-ақ күн мен айдың горизонтқа жақындаған сайын өлшемдерінің ұлғайып кететінін алғаш рет түсіндірді. Оның «Китаб әл-маназир», яғни «Оптика кітабы» (кейде «Параболалық айна мен шағылысулар туралы кітап» деп те аталады), Ватикан кітапханасында сақталған бұл шығарманың латын тіліне аударылуы батыс ғылымының дамуына айтарлықтай әсер еткен, соның ішінде Роджер Бэкон, Кеплер, Галилей, Коперник және Ньютон сияқты ұлы ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті.

Ол көздің қалай жұмыс істейтінін алғаш рет сипаттап, көру туралы ежелгі грек теориясын жоққа шығарды, онда «жарық көзден шығады, сондықтан біз заттарды көреміз» деген түсінік болған. Оның айтуынша, «жарық сәулелері затқа түсіп, содан кейін кері шағылысып, көзге түседі, және біз объектіні осылай көреміз». Әл-Хайсам сондай-ақ көздің қиғаш беткі құрылымының әсерінен торда бейненің айналып көрінетінін дәлелдеп, көрсеткен.

Әл-Хайсам алғаш рет камера-обскураны қолданған. Ол сондай-ақ эксперимент арқылы түсу бұрышы мен шағылысу мен сыну бұрыштарының теңдігін дәлелдеді. 1621 жылы Виллеброрд Снелл бұл идеяға назар аударды. Бүгінгі таңда біз бұл оптика заңын «Снеллиус заңы» деп білеміз, бірақ тарихи шындық — бұл заңды Әл - Хайсам шамамен 600 жыл бұрын эксперименттік түрде алғаш рет көрсеткен (бұл Батыстың тарихты меншіктеуі туралы әңгіме).

Ол сондай-ақ призма арқылы тәжірибе жасап-ақ жарықты жіктеп, оның спектрін тауып, көкжиектегі кеңістіктің қалай пайда болатынын түсіндірді. Сонымен қатар ол перспектива заңдарын ашып, негіздеді, бұл Ренессанс дәуіріндегі бейнелеу өнері мен сәулет өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Яғни Әл-Хайсам қазіргі эксперименттік физика мен оптиканың негізін қалаушылардың бірі деп сенімді түрде айтуға болады.

Даурен Муса ның парақшасынан алынды...

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс