МӘШҺҮР ЖҮСІП АЙТЫПТЫ...

МӘШҺҮР ЖҮСІП АЙТЫПТЫ...

908
1 мин
МӘШҺҮР ЖҮСІП АЙТЫПТЫ...

Жігітті кедейлікке апаратын үш тамыр: желкедегі қырсықтық,

шынтақтағы маубастық,

құйрықтағы жалқаулық тамырлары.

***

Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды. Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды.

Ғалым ғылымға тоймайды, жер суға тоймайды.

Өлік дұғаға тоймайды, тірі іске тоймайды.

***

Ақымақтың тізгіні – құлағы!

Ақылдының тізгіні – көңілі.

Ақымақ не нәрсені естісе, естігеніне қанағат қылады.

Қатықтай қатып, сүттей ұйып жүре береді. Ақылды не нәрсені естісе, естуіне қанағат қылмайды, ақылына салып, көңілінің дауалауына тоқтайды.

***

Ұры қартайса сопы болады,

Бүркіт қартайса тышқаншыл болады,

Шал қартайса жасындағы көрген-білгенін былшылдап

ертекшіл болады.

Деген екен...

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс