ӨЛІМДІ ӘЙЕЛ ЕМЕС, ЕР АДАМ ЕСТІРТЕДІ...

ӨЛІМДІ ӘЙЕЛ ЕМЕС, ЕР АДАМ ЕСТІРТЕДІ...

266
1 мин
ӨЛІМДІ ӘЙЕЛ ЕМЕС, ЕР АДАМ ЕСТІРТЕДІ...

Мына заманда бәрі болады деп жатамыз, бірақ біле жүретін есте сақтай жүретін қағидаларда бар.

Қазақта «өлімді әйел емес, ер адам естіртеді» деген дәстүр — ұлттық таным мен тәрбиеге негізделген терең мәні бар қағида.

Негізгі мәнісі мынада:

1. Сабыр мен салмақтылық:

   Ер адам — сабырлы, байсалды болуға тәрбиеленген. Өлім хабарын жеткізуде суық жаңалықты сабырмен, жұбату сөзбен, ақылмен жеткізу маңызды. Ер кісілер мұндай ауыр хабарды эмоцияға берілмей, сабырмен айтуы тиіс.

2. Жұбату сөзі:

   Хабар айтумен қатар, марқұмның жақынына демеу, жұбату сөзін айту — естіртудің бір бөлігі. Бұл да — ер адамның міндеті.

3. Әйел — үйдің ұйытқысы:

   Әйел заты қайғыға бейім, сезімтал. Мұндай ауыр хабарды естірту оларға ауыр тиіп, өздері де егілуі мүмкін. Сондықтан мұндай ауыр істі әйелге жүктемеген.

4. Дәстүр мен жауапкершілік:

   Қазақта «жаман хабарды жеткізудің де жолы бар» дейді. Бұл — дәстүр, естірту — рәсім. Оны орындау — үлкен жауапкершілік, сондықтан ол ер азаматқа жүктеледі.

Қорыта айтқанда, бұл — тек салт емес, ұлттық дүниетаным мен ұрпақ тәрбиесінің бір көрінісі.

Елка МАУТХАН

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс