ӘЛЕМ ТАҒЫ БІР ҚАҺАРМАНМЕН ТАНЫСҚАН ЕДІ

ӘЛЕМ ТАҒЫ БІР ҚАҺАРМАНМЕН ТАНЫСҚАН ЕДІ

1659
2 мин
ӘЛЕМ ТАҒЫ БІР ҚАҺАРМАНМЕН ТАНЫСҚАН ЕДІ

Бірер жыл бұрын ғана. Яғни 2012 жылы.

Оңтүстік азияда орналасқан Рохинджада шыққан соғыс салдарынан мұсылмандар жаппай қырғынға ұшырады. Еркектер қатыгездікпен оққа ұшып, әйел қыздар аяусыз зорланды. Жас-кәрі демей -геноцид орын алды. Міне осы кезде бір жас жігіт кәріліктен әбден тұралап, жүруге жарамсыз, көтерем болған әке-шешесін, таяқтың екі ұшына іліп, орман демей, су демей 15 күн бойы жаю арқалап, аман-есен басқа елді мекенге жеткізді!

Заманымыздың тағы бір Қаһарманы!

   Иә, егер: «Көретін қызықтарын көрді, сүретін ғұмырын сүрді, енді өзім құтылайын»-десе әке-шешесі риза болар еді.

Аман-сау құтылса! Бірақ ұжданы, иманы опасы жол бермеді кәрі ата-анасын тастауға! Иман деген, опа деген -осы!

Әлем тағы бір қаһарманға осылай куә болған еді!

Ал енді қазіргі замандағы әке -шешесін кәрілер үйіне тапсырып жатқандарға қараңызда салыстырыңыз!

Бір қызығы, статистика бойынша сол әке-шешесін тапсырып жатқандардың 80-90 % пайызы жағдайлары өте жақсы санаттағы адамдар екен!

Не жетіспейді оларға?! Нанға ортақ болу емес, ақша бар! Үй бар, жайбар, жағдай бар.

Тек жетіспейтіні жүректегі пейіл! Өйткені олардың пейілдері қарайған, ұждандары сөнген! Үйі кең болғанмен, көкіректері тар! Қалтасында ақша болғанмен, көңілдері сараң! Қалбтары қараң! Рухтары нәпсінің, ерлері әйелдерінің жетегінде! Білімі бар, көзі ашық болғанмен, көкіректері соқыр! Ождандары мылқау!

     Бұған негізі басты кінәлілер-сол кәрілер үйіне қамалып жатқан қарттардың өздері! Олар кезінде балаларым ойнасын, өмірдің қызығынан қалмасын, оқысын бастық болсын -деп баласын тек мектепке ғана берді. Тіпті кейбірі медіреседен баласын шығарып ап лицейге берді. Мешітке барып жүргендерге күлді, келеке қылды! Енді міне сол өздері жіберіп алған қателіктерінің жемісін көруде!

Тілеуқабыл ЗАКЕРИЯҰЛЫ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс