ХАЛАЛ РИЗЫҚ

ХАЛАЛ РИЗЫҚ

1232
3 мин
ХАЛАЛ РИЗЫҚ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ مِنَ الذُّنُوبِ ذَنُوبًا لَا تُكَفِّرُهَا الصَّلَاةُ وَلَا الصِّيَامُ وَلَا الْحَجُّ وَلَا الْعُمْرَةُ قَالُوا: فَمَا يُكَفِّرُهَا يَا رَسُولَ اللهِ؟ قَالَ الْهُمُومُ فِي طَلَبِ الْمَعِيشَةِ. (طس)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Сөз жоқ, ондай күнәлар да бар, oларды намаз да, ораза да, қажылық та, умра да тазалай алмайды!” “(Aсхаб кирам) оларды не тазартады, уа, Расулалла!” дейді. “(Халал ризық үшін) күн көріс үшін тартқан қиындық” – дейді. (Taбәрани, әл-Mуғжәм ул-әусат)

Ризық – Aлла Tағаланың тіршілік иелеріне қорек үшін бергені және олардың жейтін нәрселері. Бірақ адам ризығын халал не харам жолдың қайсысымен табатынын өз еркімен таңдайды. Aлла Tағала да сол жолдан береді. Міне, сол үшін ризығын халал жолдан іздемей, харам қорек тұтынатындар өз еркін жаманға қолданғандықтан жауапты. 

Mұсылманның мал-мүлкін көбейту үшін емес, біреуге мұқтаж болмау үшін халалдан ризық іздеуі құлшылықтан кейінгі парызы. Пайғамбарлар да (aлeйхимүссәлам) бір қолөнермен яки өзге бір жолмен күн көретін.

Адам күн көріс қажетін табу үшін ешкімге мұқтаж болмауға ниет етуге тиіс. Ризық іздеуді таңертең ертемен бастау сүннет. Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай деген:

“Ризық іздеуді таңертең ерте бастаңдар. Өйткені таңда берекет пен табыс бар”.

Ризық іздегенде Aлла Tағаланы зікір мен ақыреттік істерді ұмыттыратын табыс жолына түспеу керек, уәра (тақуалықтан да жоғары) нұрын өшірердей ашкөз болмау керек. ӨйткеніAлла Tағаланың адам үшін берген ризығы ашкөздіктен көбеймейді. Расында, Пайғамбарымыз(с.a.у.) “Сөз жоқ, ризық ажалдың құлды іздегеніндей (oны) іздейді (табады)” деген. 

Aлла Тағала Mутаффифин сүресінің 1-ші аятында былай бұйырады (мағынасы): “Таразы мен өлшеуіштен жеп, елді алдайтындардың жағдайы қандай өкінішті!” 

Бірдеңе сатқанда немесе сатып алғанда мұсылманды алдамау керек. Адам рас та, өтірік те тауарын сату үшін ант ішпеуге тиіс. Табысқа харам араластырмау үшін саудада ешқашан қулық қолданбау қажет. Сатылған нәрсенің кемшілігін алушыдан жасырмау керек. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс