КЕШІРІМДІ БОЛ...

КЕШІРІМДІ БОЛ...

128
1 мин
КЕШІРІМДІ БОЛ...

Кешірімді бол.

Адамдардың бірі ауыр халге түсіп немесе дертке шалдығып қалса, бауырларының кейбірі онымен хабарласуға не көңіл бөлуге үлгере алмай қалады — кейде себеппен, кейде себепсіз.

Сосын Алла Тағала оған саулық беріп, қиындықтан өткесін, бауырлары қайта хабарласқанда ол мысқылдап:

«Міне, бұлар — тек қуанышты шақтағы достар» — деп сөз қылады.

Біресе өзін әлдеқандай әмірші — Шыңғыс қағандай,

не жомарт Атымтай секілді,

не дәулетті, беделді адамдай көреді,

адамдар өзіне байлығы мен атағы үшін келгендей сезінеді.

Алла Тағала бізге адамдардың қолынан келген жақсы мінезін қабыл алып, оларды қинамауды, ауыр міндет артпауды бұйырған.

Сондай-ақ, қуанышыңмен бөліскен бауырларың сенің байлығыңа не беделіңе қызығып жүрген жоқ.

Олар бұрынғыдай — тек жағдайы түзеліп, көңілдері көтеріліп, сенің жақсылығыңа қуанып тұр.

Бәлкім, қиын сәттерде көңіл бөле алмаған болар, бірақ қуанышыңда сырт қалғысы келмеді.

Кешірімді бол… Алла саған саулық берсін.

Abdulakhad Smanov

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс