КЕЛЕ ЖАТЫР ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН

КЕЛЕ ЖАТЫР ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН

1140
3 мин
КЕЛЕ ЖАТЫР ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН

Раббым Алла пайғамбарым Мұхаммед (с.ғ.с) деген әрбір мұсылман баласының асыға күтетін қасиетті айыда жақындап қалды. Бұл айда көптеген жақсы амалдарымыздың, еселеніп сауаптар жазылатын ерекше ай. Алла Тағала қасиетті Құранда «Уа иман келтіргендер, сендерден бұрыңғы үметтерге парыз болғаны секілді сендерге де Рамазан айында ораза ұстау парыз етілді» деп айтады. Негізі ораза ұстаудың рухани һәм денсаулыққа пайдалары өте көп. Рухани пайдаларының бірі адам баласын сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Өйткені пенде күнін Алла Тағалаға иман еткен күйде аштықпен, шөлдеумен өткізеді. Пенде адамның ашуын тудыратын қандайда бір келеңсіз жәйттарға тап болса, «Мен оразамын» деп сабырға келеді. Жалпы мұсылман қоғамында осы Рамазан айында қылмыс азаятыны белгілі. Өйткені Алланың мұсылман пенделері өзін және өзгелерді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Нәпсісін тізгіндейді, мейірімді, кешірімді болады. Мұсылман иманының қуатына қарай қылмыс пен күнәдан бойын аулақ ұстайды. Жүйкесін жұқартпайды, ашуын ақылға жеңдіре алады. Ораза ұстап аш жүрген кезде нәпсі қозбайтындықтан, адамның сабыр сақтауы көп қиындық туғызбайды. Аяқасты тап болатын түрлі қиындықтарға шыдамдылық танытуда оразаның берер пайдасы көл-көсір.

Оразамен аштыққа, шөлге т.б. түрлі ауыртпашылықтарға шыдай алған адам тосын жағдаяттарға тап болғанда сағы сына қоймайды. Ораза қиындықтарға шыдауға әбден шыңдалған, нәпсісіне ие бола алатын, ақиқатты өмірлік ұстаным деп біліп, одан таймайтын сегіз қырлы, бір сырлы әмбебап адамдарды тәрбиелеуде үлкен рөл ойнайды.

Рамазан – әр жылы қайта оралып, мұсылман адамға өз-өзіне жаңадан тәрбие беруге мүмкіндік беретін, мұсылман пенденің сабырлығы бойынша емтихан тапсыратын ай. Оразаға ниет еткен жамағат ала таңнан ақшам уақытына дейін сабырлық жасайды. Ораза болғаны үшін кешке дейін ішіп жемейді. Сондай-ақ, ашу-ызаға  бой алдырмай,  жұмсақтық танытады. Тұла бойын харамнан, тілін жаман сөзден, көзін сұқтанудан сақтайды. Осы қасиетті айда мұсылмандар бір-біріне жақындай түседі. Кұнделікті тарауих намаздары мен аукыз ашарларда кездесіп сұхбаттасады. Дін мен дәстүрді берік ұстанған атам қазақ, дінді дәстүр мен дәріптеген. Рамазанның келгенін хабарлайтын «Жарапазан» жыры осының дәлелі. Жарапазан сөзі арабшадан аударғанда (Жаа Рамадан) Рамазан келді деген мағынаға саяды. Алла Тағала баршамызды Рамазан айына аман сау жетуімізді нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

      

Майқайың мешіті найб имамы

       Оспанов Бірлік СКАНДАРҰЛЫ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс