КҮЙЗЕЛІС – ЗАМАНАУИ АДАМНЫҢ ҮНСІЗ ЖАУЫ

КҮЙЗЕЛІС – ЗАМАНАУИ АДАМНЫҢ ҮНСІЗ ЖАУЫ

488
3 мин
КҮЙЗЕЛІС – ЗАМАНАУИ АДАМНЫҢ ҮНСІЗ ЖАУЫ

Бүгінгі қоғамда күйзеліс (стресс) – кең тараған психологиялық жағдайлардың бірі. Жұмысбастылық, қаржылық қиындықтар, отбасылық түсініспеушіліктер, ақпараттық ағынның шектен тыс көптігі – мұның бәрі адамның жүйке жүйесіне кері әсер етіп, күйзеліске әкеп соқтырады.

Жалпы күйзеліс дегеніміз не?

Күйзеліс – адамның сыртқы немесе ішкі жағдайларға эмоционалды, физикалық және психикалық тұрғыда жауап беруі. Ол қысқа мерзімді (жауапкершілік алдындағы қобалжу) немесе ұзақ мерзімді (созылмалы стресс) болуы мүмкін.

Адам ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүріп, ол ұзаққа созылса, оны уақтылы анықтап, қолға алған жөн. Себебі, созылмалы күйзеліс денсаулықтың сыр бергенін аңғартады, және оны елемесе, оның соңы күрделі ауруларға дейін апаруы мүмкін.

Егер күйзеліс адамда қандай да бір стрессті жағдайдан кейін туындаса, бұл – қалыпты. Ал егер мұндай күйді адам басынан өте жиі кешірсе және адам кез келген әдеттегі өзін тітіркендіретін жайттарға жауап берсе, онда бұл патология бар екенін аңғартады.

Күйзеліс белгілері қандай болуы мүмкін?

- Ұйқының бұзылуы;

- Тәбеттің өзгеруі;

- Тұрақты шаршау;

- Ашушаңдық, көңіл-күйдің құбылуы;

- Өмірге қызығушылықтың төмендеуі;

- Денсаулықтағы проблемалар (жүрек, асқазан, қан қысымы).

Көбінесе бас ауруы, қалтырау, тершеңдік, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, салмақ қосу немесе салмақ тастау сияқты жайсыздықтар болады.

Сонымен қатар, созылмалы күйзеліс кезінде адам әлсіздік пен нашар ұйқыдан қиналады. Бұл жағдайда көптеген адамдар әлеуметтік байланыстарды азайтып, өз-өзінен тұйықталады. Өз-өзінен үрейленген адам қарсы әрекетке көшеді.

Күйзеліс адам өміріне әсер ете ме?

Ұзақ уақытқа созылған күйзеліс адамның иммунитетін әлсіретіп, түрлі ауруларға жол ашады. Психикалық денсаулықты ғана емес, қарым-қатынасты, жұмыс өнімділігін де төмендетеді. Ең қауіптісі – күйзеліс депрессияға ұласуы мүмкін.

Күйзеліске шалдықпаудың амалы:

- Уақытыңызды тиімді жоспарлаңыз;

- Жақсы ұйықтауға дағдыланыңыз;

- Спортпен шұғылданыңыз, серуендеңіз;

- Ашық сөйлесуден қорықпаңыз – жақындарыңызбен, психологпен...;

- Рухани, шығармашылық істермен айналысыңыз;

- Жағымды ортада болуға тырысыңыз.

Негізінен, күйзеліс – жеңуге болатын уақытша жағдай.

Ең бастысы – оны елемей, ішке жасырып қою емес, ертерек байқау, шешімін іздеу.

Әр адам өзінің психикалық денсаулығына жауапты. Сіз өзіңізге қамқор болсаңыз – өміріңіз де, айналаңыз да жарқырай түседі.

Тыныш сана – бақытты өмірдің бастауы.

 

Әмина КЕТЕБАЕВА

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс