ҚИЯЛДАШЫ!

ҚИЯЛДАШЫ!

217
1 мин
ҚИЯЛДАШЫ!

Қиялдашы!

Не мүмкін еместі мүмкін етті?

Сен ойлайсың ба, не нәрсе хазірет Омарды исламға келтірді?

Сол бір Омарды, адамдар:

“Омардың есегі мұсылман болса да, Омар болмайды!” — деп айтқан еді ғой!

Жауабы — Пайғамбарымыз -ның шын жүректен жасаған дұғасы!

Ал бүкіл Дәус тайпасы неге, алғашында қарсы болып жүріп, кейін түгел келіп исламды қабылдады?

Себебі — Пайғамбардың мына дұғасы еді:

“Аллаһым, Дәус тайпасына һидаят бер, және оларды алып кел!”

Жарайды, ал әлгі жігіт ше? Бұрын күнәларға белшесінен батып жүрген еді…

Ол қалай тура жолға түсті?

Ал мына әпке ше? Дәрігерлер мүмкін емес деген еді, бірақ ол бала сүйді!

Ал мына жігіт ше? Барлық есік жабылған еді, бірақ қиындықтарынан құтылды!

Жауап — біреу-ақ:

Дұға!

Иә, дұға, жастар!

Дұға — сенің ең күшті қаруың!

Аспан есіктерін ашатын кілтің — дұға.

Дұға — Алланың қалауымен тағдырларды өзгертетін күш.

Барлық себеп біткен кезде, дұға мүмкін еместі мүмкін етеді!

Бүгін, Ашура оразасын ұстап жүріп, ауызашар уақытта дұға жасауды ұмытпағайсыз!! 

Abdulakhad Smanov

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс