
Ең жақсы ұстаз кім?
- Азап.
Ең жаман ұстаз ше?
- Рахат.
Ең сирек кездесетін қасиет?
- Бере білу.
Ең жақсы қасиет не?
- Кешіре білу.
Ең қиын қасиет қандай?
- Үндемей қалу.
Ең маңызды қасиет?
- Сұрай білу.
Ең қажетті қасиет?
- Тыңдай білу.
Күрестің қай түрі ең қауіпті?
- Соқыр сенімді адаммен күрес.
Ең жаман әдет?
- Жанжалшылдық.
Ең зиянды әдет?
- Көп сөйлеу.
Ең күшті адам кім?
- Ақиқатты түсіне білген адам.
Ең әлсіз адам?
- Өзін ең күшті адаммын деп есептейтін адам.
Ең ақылды адам?
- Үнемі жүрегін қадағалап отыратын адам.
Байланып қалудың ең қауіпті түрі?
- Күндіз-түні тек тәнің қамын ойлау.
Ең кедей адам кім?
- Ақшаны бәрінен жақсы көретін адам.
Қандай адам Құдайға жақын?
- Мейірімді адам.
Ең әлсіз адам кім?
- Басқаны жеңген адам.
Ең мықты адам кім?
- Өзін өзі жеңген адам.
Жамандық атаулыға немен қарсы тұруға болады?
- Қуанышпен.
Азапқа қалай шыдауға болады?
- Сабырмен.
Адам жанының сау екендігінің белгісі?
- Иманды болу.
Адам жанының дерттілігін не білдіреді?
- Үмітсіздік.
Адамның дұрыс істемегенін не білдіреді?
- Тітіркену білдіреді.
Жақсы амалдардың белгісі?
- Жанының бейбіттігі.
Симеон Афонский
аударған Жүрсін КӘРІМ