ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ

ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ

1565
2 мин
ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ

Елімізде дін, саясат, құқықтық негіз және зайырлылық ұстанымының қағидаттарының нақты анықтамасы толық берілді деуге келмейді. Сол үшін де осы ұғымды адамдардың ішіндегі дүниетанымы айқындап келеді. Ал қоғамда көпшілік адамдар естіген ақпараттарына қарай ой айтады және солай қабылдайды. Өз кезегінде, негізінен дін туралы шарттар мен талаптарды мемлекет айқындайды.

Оған ешкімнің де таласы болмауы тиіс. Әлемдегі барлық зайырлы елдерде солай. Алайда діни-сенім бостандығы берілген қоғамда азаматтардың өздері ұстанатын діннің талаптарын да өз беттерінше орындауына ешқандай кедергі болмайтындығы заңда көрсетілген.

ҚР Заңда: «Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы» делінген (Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң 3-бап, 6-тармақша). Қоғамда түсіністік орнауы үшін кейде діннің талаптарына түсіндірме жасалса, кейде заңның болмаса қандай да бір талаптың қайта қарастырылуы арқылы мәселе шешімін тауып жатады.

Дегенмен, мемлекеттік биліктің діннен бөлінуі, заңдарын дінге негіздемеуі, белгілі бір дінді қолдамауы, яғни діни плюрализмді сақтауы, барлық дін өкілдеріне тең құқық беруі, білім беру ісінің зайырлы сипатта болуы, отан қорғау, денсаулық және мемлекеттік қызметте зайырлылық талаптарының қатаң сақталуы, дін және мемлекет істерінің ажыратылуы сияқты қағидаттардың қамтылуы барлық конфессиялар мен дін өкілдері үшін тиімді шарт саналады.

Ал осы қағидаттарды діннің үкімдеріне мен талаптарына қарсы қоюға тырысып дүрдаразтық тудырушылар өз кезегінде діндарларды мемлекетке қарсы қоюға талаптануда. Алайда, елімізде дін және діни конфессиялар, олардың талаптары көп, ал құқық, заң, мемлекеттік талап біреу.

Осыған баса назар аударуы керек. Алайда тарихтан бері қоғамда құндылық ретінде орныққан діни тәжірибелеріміз бен құндылықтарымызды заңдық негізде орнықтыру да мемлекеттің мүддесі болуы қалыпты жағдай. Сондықтан, теріс көзқарастарды айқындау және олармен күресу үшін дұрыс ұстанымдар заңда көрсетілуі керек. Әрі қазіргі кезде мемлекет болып күресіп жатқан ДДА мәселесінің де заңдық анықтамалары, түсіндірмелері берілуі тиіс. Сонда ғана мемлекеттің дін мәселесіндегі ұстанымы нақты болмақ.

Кеңшілік ТЫШХАНҰЛЫ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс