Байсерке абыздан «Дүниеде не сый көрдіңіз?» деп сұрағанда, былай деп жауап қайырыпты:
Дүние деген - бір қу екен,
Заһары күшті у екен.
Тұрағы жоқ бірінің,
Ағып жатқан су екен.
Қалағаныңды бермейді екен,
Әбден тонап алған соң,
«Кет» деп қолын сермейді екен.
«Кет» деген соң жатырмын кетейін деп,
Қамданып шын дүниеге жетейін деп.
Зор ием тілегімді қабылдаса,
Қайырды енді содан күтейін деп.
Уа, жұртым! Уа, бауырым, амандастым,
Келмейтін ұзақ жолға қадам бастым,
Бәрінен ғафу сұрап, үлкен-кіші,
Ақырғы лебізіммен мен қоштастым!
Асылбек Әуезханұлы парақшасынан