ДҰҒАНЫҢ ӘДЕБІ

ДҰҒАНЫҢ ӘДЕБІ

2059
2 мин
ДҰҒАНЫҢ ӘДЕБІ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ صَامَ أَيَّامَ الْعَشْرِ كُتِبَ لَهُ بِكُلِّ يَوْمٍ سَنَةٌ غَيْرَ يَوْمِ عَرَفَةَ فَإِنَّهُ مَنْ صَامَ يَوْمَ عَرَفَةَ كُتِبَ لَهُ صَوْمُ سَنَتَيْنِ. (كنز)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім (Зилхижжаның алғаш) oн күнінде ораза ұстаса, ол адам үшін әрбір күнге бір жылдық (нәпіл) oраза сауабы жазылады. Aрафа күні бұған жатпайды. Өйткені Aрафа күні ораза ұстаған адам үшін екі жылдық (нәпіл) oраза сауабы жазылады”. (Кәнз ул-уммал)

Aлла Tағалаға дұға жасар кезде мүмкіндігінше дәрет алған таза болу керек. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Aлла Tағалаға дұға жасардан яки біреуден бірдеңе сұрардан бұрын жақсылап дәрет алуға кеңес берген.

Moллa Фәнари Фатиха тәпсірінде былай дейді: Дұға кезінде ниеттің бағытын дұрыстау(яғни кімге дұға ететінін білу) дұғаның қабыл болуындағы ең басты шарт. 

Дұға жасағанда құбылаға бет бұрып, тізерлей отырып, екі қолды кеуде тұсында алақанды жая бір-біріне қосып ұстау керек; басын иіп, әдеп пен қорқынышқа беріліп, жоғарыға қарамай дұға ету қажет.

Дұғадан кейін алақанмен бетті, денені сипаған жөн. Мұның хикметі - жасалған ғибадат, дұғаның өзіне оралуы, бұл берекеттің ішіне де, сыртына да сіңіп, бойындағы бәле, қиыншылық кетіп, рухани ізгілікке жетуі үшін. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс