ДҰҒА

ДҰҒА

226
1 мин
ДҰҒА

Ол маңдайын сәждеге қойып ұзақ жатты. Іштей дірілдеп тұрған жүрегінен бір үн көтерілді. Көкке қарай шексіз махаббатпен өрлеген дұға еді бұл:

Раббым... Мені де, ұрпағымды да намазға берік ет! Саған қарай үнемі иіле беретін құл ете гөр... Бойымды тек Сенің хақ әміріңе ұсынғым келеді. Ұрпағым да сәждеден бас көтермейтін, жүрегі мейірімге толы, иманның иісі аңқыған ұрпақ болса екен...

Және, уа Раббым, мына бейбақ жүректен шыққан дұғамды қабыл ала гөр... Сенен басқа кімге мұң шағайын?..

Жанарынан бір тамшы жас үзіліп түсті.

Раббым... Мені, ата-анамды һәм сенген, жүрегі Сен деп соққан барша мүміндерді... Есеп күні келіп жеткенде кешіре гөр! Сол күннің қорқынышынан бізді аман сақта! СенЕш нәрсені ұмытпайтын, бірақ кешіре алатын Ұлы Жаратушысың... 

Құлияр БІЛӘЛ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс