БОС СӨЗ

БОС СӨЗ

221
2 мин
БОС СӨЗ

Ертеде, базар алаңына жұртты жинап алып ханның кеңесшісі, уағыз айтады екен. Негізінде оның ханға көк тиын құны жоқ, бірақ халық алдында мүдірмей өтірікті де соға беретіндігі үшін жалақы беріп ұстайды екен.

Әлқисса, әлгі уағызшы

—Құдайға құлшылық етіңдер, сосын осындай хандарың бар соған шүкір етіңдер. Бұның орнында басқа хан болғанда күндерің не болар еді—деп күндегі сарынына салып жатыр екен, аулағырақ жерде есегін жемдеп тұрған Қожанасыр әпендені көзі шалып қалыпты.

—Қожеке, саған не хан туралы айтқан менің уағызымды тыңдағаннан есегіңді жемдеген артық па? Ханды сыйламағаның үшін жасауылдарға сабатып алсам қайтесің? Менің сөздерімде ақиқат бар.Мені уәзірлер де тыңдап,ақыл кеңесіме құлақ түріп отырады. Елмен бірге сенде мені тыңда, осындай ханға шүкіршілік ет. Әйтпесе ханға жамандап, жендетке дүре соқтырам —деп қорқытыпты.

Сонда Қожекең

—Уа құрметті уағызшы, әркім өзіне керегін жемдейді. Елдің миын ашыту үшін хан сені жемдейді, отын тасып бала шағама нан тауып отырған мен есегімді жемдеймін емес пе? Енді бұл жерде ұтылатын кім? Мына жиналған халық. Сені сөйлетіп өзін мақтатып қойған ханның есебі түгел, сөзін сөйлеп, табағынан ас жеп, қазынадан ақша алып отырған сенің есебің түгел. Сенің сөзіңді тыңдағанша есегімді жемдейін деген менің есебім түгел.

Ал мына жерде тұрып сені тыңдауға қарайған уақыт жоғалтқан ұстаның, тігіншінің, саудагердің, тағы да басқа шаруалардың есебін кім түгендейді? Әлде бұлар кешке балаларына тамақ орнына, сенің бос сөзіңді турап береме? —деген де, бағанадан уақыт жоғалтып тұрғандар "Солай екен ғой, кешке жейтін ас табу керек екен ғой" десіп күбірлесіп, күңкілдесіп

тарап кетіпті.

Бұл Қожанасыр әпенде турасындағы көп әңгімелердің бірі, әйтседе бос былшылмен,халықтың миын жеп ақша жасап жүргендер жеткілікті.

Биліктің де әңгімесі "Жасап жатырмыз, қарастырып жатырмыз" дегеннен аспай жүр. Қашан Қазақтар ғылми жаңалықтар ашып, жоғары технологиялы өндірістерімен мақтанар екен.

Бос сөзді азайтып, қашан үлкен үлкен зауыт фабриктер салар екенбіз, өзімізде өндіріліп жатқан шикізатты өзіміз қашан өңдеп сатар екенбіз.... 

М. Кенжебаев. Бейнеу.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс