
Бір аңыз бар: әр адам өмір сүріп жатқанында Құдайдың Өзі оған келеді екен. Сосын Ол әр жолы әр түрлі бейнеде келуі мүмкін, бірде ол үсті су-су болған мысық баласы, енді бірде кедей қария боп келеді, ал біздің тағдырымыз осы сәтте біздің қандай әрекет жасағанымызға байланысты болады... Тағы мынандай хикая бар:
Бір адам ғұмыр кешіп жатыр екен. Оның: айлығы жоғары жұмысым болса, сұлу әйелім болса және әлемге танымал болсам деген үш түрлі арманы бар екен.
Өмірінде неше түрлі жағдайлар басынан өтеді, соның үшеуін ғана атап өтейік:
Қыстың бір суық күні ол бір атақты компанияға жұмысқа тұрмақ болып, сұқбатқа кетіп бара жатыр еді. Ол жұмыс орнына бес-ақ минуттай уақыт қалғанда, алдында кетіп бара жатқан жасы үлкен кісі сүрініп кетіп құлап түсті. Біздің кейіпкеріміз ол еркекке бір қарады да ол кісіні мас екен деп ойлап, қолын созбастан, ары қарай жүгіріп кетті. Сөйтіп ол сұқбат болатын жерге уақтылы барды, бірақ өкінішке орай оны жұмысқа қабылдамады.
Жаздың бір кешкі салқынында қала көшелерінде қыдырып жүрген ол, көшеде өнер көрсетіп жатқан қыдырма әртістерді көріп, олардың өнерін қызықтау үшін тоқтады. Көрермендер аса көп болмады, бірақ пьеса өте көңілді әрі тартымды болды. Көрсетілім біткен соң, көрермендер жабыла қол шапалақтады да, тарай бастады. Біздің адамымыз да кері бұрыла бергенінде, біреу оны жәй ғана иығынан түртті. Бұл әлгінде ғана біткен пьсаның басты рольінде ойнаған «клоун-кемпір» еді. Ол спектакль ұнады ма, әртістердің ойынына ризасыз ба деп сұрады. Бірақ кейіпкеріміз әңгімені жалғастырғысы келмей, теріс айналып кетті.
Күздің бір жаңбырлы кешінде кейіпкеріміз досының туған күнінен үйіне асығып, шаршап келе жатты. Бүгін күн ауыр болды, сондықтан ол үйіне жете сала ваннаға түсіп жылы төсекке құлағысы келген еді. Ол үйіне кіре бергенде әлсіз ғана біреудің жылаған дауысы естілді. Қараса, үй алдындағы орындықта бір әйел жылап отыр. Жалғыз өзі, қолшатырсыз, тек жеңіл күртесесінің капюшоны ғана құйылып тұрған салқын жаңбырдан қорғап тұр. Біздің кейіпкерімізді көрген ол одан көмек сұрады. Оның отбасында бір жағдай болған екен, сондықтан ол бір адаммен арқа-жарқа боп ашық әңгімелескісі келіп еді. Адамымыз ойланып қалды, көз алдына жылы су толтырылған ванна мен жылы жамылғы елестеп, ол уақытым болмай тұр деп міңгірледі де, үйіне кіре берді.
Ол кісі жолы болмай бақытсыз өмір кешіп, дүниеден өтті.
Құдай дәргағына барған соң ол қорғаушы-періштесімен жолықты.
-Өмірімнің сондай мағынасыз, мардымсыз өткенін білесің ба сен? Үш арманым бар еді, үшеуі де орындалмады. Сондай өкініштемін...
-Ы-ым... Солай де... Достым, бар арманың орындалсын деп істемегенім жоқ, олардың орындалуы үшін бар жоғы өзің қол созып, көзіңді ашып, жүректі жылыту керек еді, соны істемедің ғой.
-Нені айтып отырсың?
-Қыстың күні танымал компанияға жұмысқа тұрамын деп асығып келе жатқаныңда тайып жығылған үлкен кісі есіңде ма? Әзір мен көрсетемін саған ол жерді...
Ол кісі сол сен жұмысқа кіремін деп келе жатқан танымал фирманың бас директоры болатын. Негізі алдыңда үлкен болашақ күтіп тұр еді. Сенен керегі, тек жығылған кісіге қол созу еді.
Ал көшеде ойнайтын қыдырма әртістерінің көрсетілімі, саған келіп сұрақ қойған сайқымазақ-кемпір есіңде ме? Ол жап-жас сұлу қыз болатын, сені көріп бірден ұнатып, жаныңа келіп, әңгімеге тартып еді. Сені үлкен болашақ, бақытты өмір, балалар, сөнбейтін махаббат күтіп тұрған болатын. Сенен керегі – тек көзіңді ашу еді.
Ал үйіңе кіре берістегі жылап отырған әйел есіңде ме? Сол түні салқан жаңбыр жауып тұр еді, байғұс әйелдің үсті-басының бәрі жаңбыр мен көз жасынан әбден су болған... Ол атақты жазушы еді, отбасы дағдарыста болатын, сондықтан оған жаны ашитын, ақжүрек біреумен әңгімелесу қажет еді. Егер сен сол кезде оны пәтеріңе кіргізіп, жылытып, құрғатып, ыстық шәй беріп сұқбаттасып жұбатқаныңда, ол сен жайлы әдеби күшті кітап жазып, сен сол кітаптың бас кейіпкері болып, әлемге танымал адам боп шығар едің.
Сонда сенен керегі – жүрегіңде кішкентай ұшқынның болуы еді. Сен өзің тым бейғам болдың досым.
Ол күрсініп алды да ай жолымен алыстағы жұлдыздар әлеміне қарай кетті.
Мұндағы айтпағымыз: әлемге құлақ салыңыз, ол сізге мүмкіндіктерді ұсынады. Ал көмекті тек сұрау ғана емес, оны қабылдай білу де керек.
Fit4brain.com
КАКАО
аударған Жүрсін Кәрім