БЕЙНЕТ КӨРМЕГЕН АДАМ РАХАТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕС (Ғибрат)

БЕЙНЕТ КӨРМЕГЕН АДАМ РАХАТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕС (Ғибрат)

436
1 мин
БЕЙНЕТ КӨРМЕГЕН АДАМ РАХАТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕС (Ғибрат)

Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастайды. Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады.

Сонда бір данышпан кісі патшаға:

«Егер рұқсат етсеңіз оны тыныштандырайын»,-депті.

Патша рұқсат беріпті.

Данышпан құлды теңізге тастады. Байғұс құл суға бір батып – бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты.

Патша:

«Бұл қалай болды?» - дегенде, Данышпан:

«Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанынның қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес»,-депті.

Бейнетпен келген кез~келген нәрсенің бағасы да, құны да алтындай жарқырайтыны секілді,оңай олжа қараңғы тұңғиыққа батырады. Сол секілді суға тұншыққанда ғана амандық пен тәуелсіз өмірдің құнын түсінді емес пе?

Сайф Сараи өзінің тағы бір сөзінде:

«Ең артық жаратылған – адам, ең төмен жаратылған – ит, ол нан-тұздың қадірін біледі, ең жаман жаратылған – соны білмейтін адам»,-деген екен!

Гульдаурен РАХАТДИН-нің фб парақшасына

н

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс