БЕКБАУ АТА ЖӘНІБЕКҰЛЫ (1820-1910)

БЕКБАУ АТА ЖӘНІБЕКҰЛЫ (1820-1910)

1824
2 мин
БЕКБАУ АТА ЖӘНІБЕКҰЛЫ  (1820-1910)

Ақкөл-Жайылма өңіріндегі Жәдік ауылында Жәнібек шаңырағында Бекбау ата 1820 жылдары дүниеге келген. Ол жас кезінен өте зерек, айтқанынан қайтпайтын, алғыр да қайратты, ақылды болып, ауыл молдаларынан білім алады. Бекбау ата он жасында осы елдің ең алғашқы қарлығашы болып, білім қуып, іштегі – Ресейдің Барабинск дейтін мекеніндегі Ыбырайым хазірет мешітіне оқуға аттанады. Ол кезде техника жоқ. Сауда-саттықпен айналысатын кірешілер немесе жүк керуендері ішке (Ресейге) ет, май, тері, қыл арқандарын апарып, киім-кешекке, тұрмысқа қажетті мүліктер мен қант-шай, кәмпит секілді азық-түлік өнімдеріне ауыстырып әкеледі екен.
Барабинскдегі ноғай-татарлар өмір сүрген, жаздың мал қоңданған кезінде қазақтар осы жерге кіре тартып жетеді. Осы жолмен Барабинскдегі Ыбырайым хазіретке жеткен Бекбау 10 жыл бойы осы медресеге дәріс алып, зеректігімен хазіреттің көзіне түседі. Хазірет маңайдағы ауылдарға діни жұмыстарымен, серуендеу мақсатында шықса, шәкірті Бекбау атаны жанынан қалдырмай алып жүретін болған. Бір үлкен жиында хазірет ыдыстағы сорпаның майын үрлеп ішіп отырса жанындағы шәкірті: «хазірет, ырысыңызды үрлемеңіз, ішіп қойыңыз» дейді.
Бұдан атамыздың от ауызды, орақ тілді болғанын көреміз. Медресе оқуын тәмамдаған, осы шаңырақтың мүшесіндей болып кеткен атамыз хазіреттің Күлсағира деген қызына үйленеді. Ұстазы Бекбау атамызға: «Сен енді қасиетті Бекбау молда атанарсың, еліңе баруға ұлықсатымды бердім» деген екен. Сондай-ақ «еліңнен алғашқы білім алып бастаған өзің едің, оқығысы келетін жастар болса, медресенің есігі әрқашанда ашық» деген екен.

Дін біліміне сусындаған атамыз Құран аяттарын жақсы меңгерген. Емдеу, үшкіру үшін оқылатын дұғаларды үйренген.
Бекбау ата өз елінде молдалық құрып, жастарды Құран Кәрімді оқуға баулиды. Бекбау атадан діни білім алған Тіленнің Сәтиі, Ауғанбайдың Әділбайы, Асанның Жақашы, Аушахман, Қанапия, Мұхаметәлі, Наурызбайдың Қазтайы, Қапитолла, Нұрман және тағы басқа адамдар Бекбау ата оқыған медресеге барып білімін толықтырып қайтады. Ол медресені Ыбырайым хазіреттен кейін Қимадиден, Фари хазіреттер басқарды. Осы медресені бітіріп келген жастар – елімізге дін шапағатын таратқан үлкен молдалар.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс