
Байазид: «Намаздан ләззат ала алмаған адам, кейін дүние ісімен айналысып кетеді. Бірақ Құдайды жиі есіне алатын адам, Хақиқатты іздеушілерге жаратылыстан сақтаныңдар деп кеңес береді. Адамдар қоғамы Құдайды ұмыттырып жібереді,»-деді.
Байазид әрдайым мешітке кірер алдында жылап алатын. Себебін сұраған кезде, ол өзін етеккірі келген әйел секілді таза емес шығармын, мүмкін мешітті ластап алармын деп қорқатынын айтатын.
Фариддин Аттар "Тазкират ул-аулия" кітабынан
аударған Жүрсін Кәрім