Күн, ай және жұлдыздарға қатысты:
- Ай сәулесін бетіңе түсіртпе
- Ай толғанда, желі тартпа
- Ай толғанда, жолға шықпа
- Ай толғанда, көшпе
- Ай толғанда, қыз ұзатпа
-Ай толғанда, үй тікпе
- Айға қарап дәрет сындырма
- Айға қарап отырма
- Айды қолыңмен көрсетпе
- Жұлдыз санама
- Жұлдызды саусағыңмен көрсетпе
- Күн батар алдында ұйықтама
- Күн батарда таласып жұмыс істеме
- Күн батқан соң, қорадан мал шығарма.
Сүт тағамдарына қатысты:
- Ақ төгілген жерді баспа
- Ақты төкпе
- Ақтың жуындысын ағынды суға төкпе
- Жерге төгілген ақты басуға болмайды
- Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды
- Сүтті отқа төкпе
- Сүтті үрлеп ішпе
- Сүттің бетін ашық қалдырма.
Жарас КАБИШЕВ-тің фб парақшасынан