1-адамға қарап түкірме;
2-адамды айналма;
3-ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе;
4-ант-су ішпе;
5-ата-енең, (қайныағаң) жатқан жеріне жатпа;
6-ата-енеңнің (қайныағаңның) төсегіне отырма;
7-ауызыңды қолыңмен жаппа;
8-аяғыңды жоғары көтерме;
9-аяқ киіміңді төрге шығарма;
10-балтаны аттама;
11-басыңды босағаға қаратып жатпа;
12-бейуақытта жылама;
13-бейуақытта кісіге көңіл айтпа;
14-бейіт топырағын сәндеме;
15-босағаға сүйенбе;
16-біреуге ор қазба;
17-дастарқанды ашық қалтырма;
18-босағаға тұрма;
19-дастарқанды баспа;
20-дастарқанды қағазбен сүртпе;
21-дастарқанды пышақпен қырма;
22-екі езуіңді керме;
23-ескі сыпырғышты отқа жақпа;
24-есікті құшақтама;
25-жақсы аттың тісіне қарама;
26-жақсының жасын сұрама;
27-жалғыз ағашты кеспе;
28-жаман сөз айтпа;
29-жаңа байығаннан қарыз алма;
30-жас жұбайлардың төсегіне отырма;
31-жаяу қамшыланба;
32-жер ошақты аттама;
33-жер ошақты айналып жүгірме;
34-жер таянып отырып ас ішпе;
35-жеті түнде жүрме;
36-жүреңнен отырма;
37-жылқыны басына ұрма;
38-жыңғылмен қамшыланба;
39-киімды желбегей жамылма;
40-киімның жағасын баспа;
41-көгалды таптама;
42-көсеуден аттама;
43-күйеуіңнен бұрын жатпа;
44-күн бата жатпа;
45-күн батқанда жатпа;
46-күректің сабын аттама;
47-кірдің суын есік алдына төкпе;
48-кісіге қарап есінеме;
49-қараңғыда кигіз қақпа;
50-қонаққа берер затты сол қолыңмен берме;
51-құбылаға қарап дәрет сындырма;
52-құдыққа түкірме;
53-құмырсқаның илеуін бұзба;
54-құранды баспа;
55-құр ерге мінбе;
56-құстың ұясын бұзба;
57-қыздың төсегіне отырма;
58-малға қарап дәрет алма;
59-малға теріс қарап мінбе;
60-малды құр қол айдама;
61-малдың желінген басын түнде лақтырма;
62-мойныңа белбеу салма;
63-мысықты ұстама;
64-нанды тастама;
65-нанның үстіне басқа зат қойма;
66-оқтаумен баланы ұрма;
67-отқа дәретке отырма;
68-отпен ойнама;
69-отты теппе;
70-ішегіңді тартпа;
71-пышақты ауызыңа салма;
72-пышақты ұшынан ұстама;
73-пышақты шалқасынан қойма;
74-саусағыңды айқастырма;
75-саусағыңды шытырлатпа;
76 -суға (озен ,көлге) қарай жүгірме;
77-сыпырғыны тігінен қойма;
78-сыпырғыны көкке котерме;
79-табалдырыққа отырма;
80-таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа;
81-таңдайыңды қақпа;
82-таяқ таянба;
83-тұзды баспа;
84-тұтқыштан аттама;
85-түнде түс жорыма;
86-түнде үй сыпырма;
87-түнде шаш алма;
88-түн ішінде жылама;
89-тырнағыңды егеме;
90-үйге артыңмен кірме;
91-үйді сабама;
92-үйде ысқырма;
93-үйіңе келгенге үйдей пәлеңді айтпа;
94-үлкенге сыртыңды беріп отырма;
95-шашты баспа;
96-шашыңды жұлма;
97-шашыңды отқа салма;
98-шелектегі суға ауызыңды батырма;
99-ыдысты теппе;