Уақытында, атақты тибет монахы, "Қасиетті Далай ламаны" көруге әлемнің түпір түпірінен келушілер жиналады екен.
Далай лама ол үшін жылына арнайы бір күнді белгілеп, нақты бір уақыттарын көрсетіп қойған екен. Шартараптан жиналған діни ғұламалар, қайырымдылықты көп жасаған меценаттар, атақты ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер арнайы сый сияпаттарын ,үлкен мөлшердегі садақаларын апарып Далай ламаның батасын алу үшін,көзіне жақсы көрінуге тырысады екен. Далай ламаның мінәжатханасы биік таулы жерде орналасқандықтан оған баратын жалғыз аяқ сүрлеу жолда оңай өткел емес еді. Бірақ сол Ұлы тұлға, қасиетті Далай ламаның бір ауыз жылы сөзін есту үшін қаншама қаражат, сый сияпаттарын алып жер бетінің "Құрметті, сыйлы" деген азаматтары жиналған екен. Сол күні жиналған адамда есеп жоқ еді, сондықтан "бәрімізге де уақыты жетсе" екен деп тықыршып тұрған адам көп болатын. Алайда, Далай лама осы жолы әдетінен жаңылып кешікті.Бір сағат кешікті, екі сағат кешікті, көрінер емес, қабылдауға бөлінген он екі сағаттың алты сағаты өткенде келді. Мінәжатхана алдына жиналған дүйім жұртшылыққа қарап
—Аса құрметті келушілер, білем сіздер бәріңізде өз елдеріңізде үлкен құрметке ие адамсыздар. Жердің түкпір түкпірінен көптеген сый сияпатпен арқаланып келдіңіздер. Кешіккеніме кешірім өтінемін, себебін де айта кетейін. Жаңа осы мінәжатқанаға, сіздермен кездесуге келе жатқанымда осында келер соқпақ жолдың орта тұсында жалаңаяқ табанын тас тілген жетім баланы көрдім айтуынша кешеден бері жылап отыр екен. Сол баланы төменге ел ішіне апарып жуындырып,киіндіріп, тамақтандырып, жүргенімде уақытым кетіп қалды. Тағыда кешірім өтінем—деп мінәжатханаға кіріп кетті. Ия, осында жиналған "Атақты, Мырза, Діндәр, Қайырымды" деген жандардың бәрі де ол баланы көрген болатын. Бірақ "Далай лама мен кездесу" деген ұлы жолда ондай майда шүйдеге мән бермеген болатын. Осы жолы Далай ламаның батасынан құр қалғанын түсінгендер бір бірінің бетіне қарауға ұялып үнсіз тарасты.
Қайырымды болып көрінбеу керек, қайырымды болу керек. Сән салтанатпен жасалып, ағыл тегіл үлестіріп жасаған қайырымдылығыңыздың қасында,үлес тимей,көзге түспей "кішкене бала" жылап отырмасыншы.
М. Кенжебаев. Бейнеу.