АЙНАЛАЙЫН!..

АЙНАЛАЙЫН!..

1166
1 мин
АЙНАЛАЙЫН!..

АЙНАЛАЙЫН, тіршіліктің алуан сырын оймен өлшеп, көңілмен таразылап отыратын ата—бабамыздың енді үш аша пәлсапасына зейін қойшы.

Үш қадірлі — ырыс, бақ, дәулет;

үш қадірсіз — жастық шақ, денсаулық, жақсы әйел;

үш үміт — сауығамын деген аурудың үміті, байимын деген кедейдің үміті, кетемін деген қыздың үміті;

үш қазына: ер қазынасы — жүрген із, ет қазынасы — көнекөз, тіл қазынасы — ескі сөз;

үш мұрат: сауда мұраты — ұту, жол мұраты — жету, дау мұраты — біту;

үш байлық — денсаулық, ақ жаулық, он саулық;

үш ана: бұлақ — су анасы, тұяқ — жол анасы, құлақ — сөз анасы;

үш дауасыз: тумақ дауасыз, кәрілік дауасыз, өлмек дауасыз;

үш тұт: қайратсыз — ау тұз, тұрлаусыз — ғашық тұл, шәкіртсіз — ғалым тұл;

үш арсыз — күлкі, ұйқы, тамақ;

үш алыс — көк пен жер арасы, жас пен кәрі арасы, жақсы мен жаман арасы;

үш ғайып — дидар ғайып, нәпсі ғайып, несіп ғайып;

үш қасиет: өліде — аруақ, тіріде — кие, аста — кепиет;

үш тоқтам — ой, ақыл, шешім;

үш кемшілік — атың жаман болса — жазғанның азабы, алғаның жаман болса — дүниенің тозағы, балаң жаман болса — көрінгеннің мазағы.

 

Матайқызы Ділдә

"Айналайындарым менің..."

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс